Мемлекеттік білім беру гранттары иегерлерінің тізімі жарияланар қарсаңында ҚР ҒЖБМ Ұлттық тестілеу орталығы директорының орынбасары Наужан Дидарбекова биылғы ҰБТ-ны өткізу барысы туралы айтты, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Мемлекеттік білім беру гранттарын тағайындау конкурсына қатысуға мүмкіндік беретін негізгі ҰБТ биыл 16 мамыр мен 10 шілде аралығында өтті.
Ғылым және жоғары білім министрлігі мәліметінше, осы аралықта талапкерлерге ҰБТ-ны екі рет тапсырып, ең жоғары нәтижесімен грант конкурсына қатысу мүмкіндігі берілді. Өтініштерді қабылдау барысында екі мүмкіндікті ескере отырып, барлығы 399 мыңға жуық өтініш тіркелді.
Барлығы 381 мың рет тапсырылған ҰБТ нәтижесінде талапкерлердің 76%-ы шекті балды жинады.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.