in

Қазақстандық оқушылар Оңтүстік Кореяда жаңа технологиялар жарысында бақ сынайды

2025 жылғы 25-28 қыркүйек аралығында Чонджу қаласында (Оңтүстік Корея) тарихтағы алғашқы FIDA дрон-соккер әлем чемпионаты өтуде, – деп хабарлайды  Aikyn.kz. Байқауға әлемнің 30 елінен 100-ден астам команда қатысуда.

Алғаш рет Қазақстан өз ұлттық делегациясын ұсынды. Оның құрамына елордадан үш команда кірді:
• №82 «Дарын» мамандандырылған лицейі,
• №8 мектеп-лицейі,
• SKILLSET мектебі.

Жалпы чемпионатқа Қазақстаннан 30-дан астам қатысушы жол тартты.

Drone Soccer – заманауи спорт түрі, ол дрон технологияларын, жасанды интеллект элементтерін, инженерлік шығармашылықты және командалық жұмысты ұштастырады.

Қазақстандық оқушылардың әлемдік чемпионатқа қатысуы – STEM-білім мен жасанды интеллект құзыреттерін дамытуға, сондай-ақ жастар арасында жаңа технологияларды кеңінен насихаттауға жасалған маңызды қадам.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.