in

​Қазақстандық жас химиктер халықаралық олимпиадада 11 медаль жеңіп алды 

Бразилияның Белу-Оризонти қаласында 59-шы Халықаралық Менделеев олимпиадасы өз мәресіне жетті. Қазақстандық оқушылар 40 ел қатысқан жарыста үздік нәтиже көрсетіп, 11 медаль жеңіп алды. Осылайша АҚШ, Жапония, Қытай және Еуропа елдерінің мықты құрамаларын басып озды, – деп хабарлайды Aikyn.kz. 

Қазақстан құрамасы 2024-2025 оқу жылында химиядан республикалық олимпиаданың жеңімпаздары болған 10-11 (12) сынып оқушыларынан жасақталды. Команданың барлық мүшесі халықаралық турнирде жүлдегер атанып, Қазақстандағы білім жүйесінің және дарынды оқушыларға көрсетілетін қолдаудың жоғары деңгейде екенін дәлелдеді.

Байқауда Маңғыстау облысындағы «Білім-Инновация» лицейінің 10-сынып оқушысы Меңдіғали Қалдыбай практикалық кезеңде ең жоғары ұпай жинап, «Award for the Best Score in the Practical Exam» арнайы сыйлығына ие болды.

Күміс жүлде иеленгендер:

Қола жүлде иеленгендер:

Команданың жетекшілері — Бахытжан Елдана және Азим Аманжолов.

Еске сала кетейік, Халықаралық Менделеев олимпиадасы Қазақстан ұлттық құрамасы үшін 2025 жылдың 5-14 шілде аралығында Біріккен Араб Әмірліктерінде өтетін химиядан Халықаралық олимпиадаға (IChO) дайындықтың маңызды кезеңі болып саналады.