in

Жетісу университетінде құқықтық мәдениет туралы дәріс өтті

Дәрісті Талдықорған қаласының прокуратурасы сотқа дейінгі тергеп-тексерудің заңдылығын қадағалау және қылмыстық қудалау бөлімінің бастығы Иманнәсіп Қорабаев жүргізді.

Іс-шара барысында құқық үстемдігін қамтамасыз етудің маңызы, заңдылық пен әділеттіліктің қоғам тұрақтылығындағы рөлі, жастардың құқықтық мәдениетін арттыру бағытындағы өзекті мәселелер талқыланды.

Кездесу студенттердің құқықтық сауаттылығын арттыруға, заңға деген құрмет сезімін қалыптастыруға және азаматтық жауапкершілікті нығайтуға бағытталды.

Іс-шара жастарға мемлекет алдындағы борышты сезіну, заң талаптарын сақтау және әділет қағидаттарын ұстану қажеттілігін түсіндіруге ықпал етті.