in

Бағаланған еңбек бақыт сыйлайды

Осыған орай атау­лы күннің қарсаңында Президентпен жүздесіп, «Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» құрметті атағын алған мұғалімдерге хабарласып, пікірлерін сұраған едік.

Гүлмира ШЕРАЛХАН,

Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы:

Қоғамның қандай болмағы – ұстаздан

Қазақстан Республи­ка­сы­ның Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қо­лы­нан 2025 жылғы «Қа­­­­зақстанның ең­бек сіңірген ұста­зы» наг­радасын алу ма­ған үлкен ба­қыт және қуа­ныш сезі­мін сый­ла­ды. Ұс­таз­дың мәр­­те­бесін заңмен бекіту, әлеу­меттік жағ­дайын жақ­сарту ба­ғы­тында бірқа­тар игі іс атқа­рылды.

Менің бала күнгі арманым мұ­ғалім болу еді. Жалпы жұмыс өтілім 28 жыл­ды құрайды. Мектеп ди­рек­торының орын­ба­сары болдым. Шы­ғармашылық топ­тың мүшесі, қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойын­ша мұға­лімдік қызметім, «Қазақ тілі» деген анық­тамалық құ­ралым, авторлық жеке бағдар­ламам бар. Мұ­ға­лімдікке жол көрсеткен Ма­хамбетәлиева Зәуре ұстазы­ма алғысымды білдіре­мін. Ұс­тазым рес­пуб­ли­­ка­­­лық олим­пиада­лар­дың же­ңімпазы. Өзім ­рес­публи­ка­лық, ха­лық­­аралық конфе­рен­ция­ларда баян­­дама оқы­­дым. Со­ны­мен қа­тар «Ы.Ал­тын­сарин» медалі, «Үздік пе­дагог» бай­қауы­ның же­ңім­­па­зымын. 

Мұғалім – қоғамның бет бейнесі. Қоғамның қандай болмағы – ұстаздан. Жарқын бола­шақтың іргетасын қалайтын да мектеп. Мен өз еңбегімнен ләззат алып, өз ісімнен бақыт тапқан адаммын. Өзім сияқты қыз-келін­шек­терге айтарым, қызметтің қамымен жү­ріп, отбасы бақытын тасада қалды­руға болмайды. Мені қолдап-қуаттап жүрген отбасыма ризашы­лығымды айтамын.

Ұлжан РАЙЫМБЕКОВА,

Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы:

Сенім мен құрметтің көрінісі

Ұстаздар күні қарсаңында Мемлекет басшысының қолынан «Қазақстан­ның еңбек сіңірген ұс­тазы» атағын алу мен үшін жү­рек тол­қытқан ерекше сәт болды. Бұл ма­рапат жеке жетістік емес, бү­кіл ұстаз­дар қа­уымына көр­сетіл­ген зор сенім мен құр­­меттің көрінісі деп білемін.

Президентіміз өз сө­зін­де адал азамат тәрбиелеу, жа­санды интеллект заманында адами құнды­лықтарды сақтау, «Таза Қа­зақстан» идеясына үлес қосатын ұрпақ қа­лып­тастыру туралы ерекше атап өтті. Бұл – тікелей мұғалімдердің, біздің қо­лы­мыздағы аманат. Себебі ұлттың бо­ла­шағы мұғалімнің қолында.

Ұстаздық кез келген кәсіптен биік, кез келген мамандықтан бөлек ерекше жол екенін атап өткім келеді. Біз шә­кірттің көзіндегі отты сөндірмей, ар­манын қанаттандыратын жандармыз. Әрбір оқушының жетістігі – ұстаз еңбегінің жемісі. Сондықтан Прези­денттің құттықтау сөзі – ұстазға бе­рілген баға ғана емес, біздің болашаққа бағыт­талған еңбегіміздің мойындалуы.

Ұстаз болу – тек сабақ беру емес, жүрек жылуын бөлісу, әр баланың тағ­дырын сезіну. Біз шәкіртке білім ғана емес, өмірлік құн­ды­лықтарды да үй­ре­теміз. Оқу­шы­ның ел­жанды аза­мат бо­лып өсуі – ұс­таз­дың тә­лім-тәр­бие­сіне ті­­ке­лей бай­ла­нысты. 

Мемлекет та­ра­пы­нан көрсетілген сенім – бізге шабыт әрі міндет. Біз­­ге ар­тылған сенімді ақ­тау үшін білім саласында болып жатқан жаңалық­тар мен өзгерістерге ілесіп қана қоймай, оны дамытуға үлес қо­суы­мыз қажет. Әлемдік деңгейде ойлайтын, ұлттық болмысты сақтай­тын, заманауи техно­логияны мең­герген шәкірт тәр­биелеу – басты мақсатымыз.

Осы марапат арқылы үлкен жа­уап­кершілік жүгін сезіндім. Ендігі мін­­дет – тек білім беру емес, елге адал, па­расат­ты, жауапты жас ұрпақты тәр­биелеуге бар күшімді салу. Жаңа заман талапта­ры­на сай жаңаша ойлайтын, бірақ ұлттық рухы биік шәкірт өсіру – басты борышым.

Осы мерекелі күні мен барлық әріп­тестерімді құттықтаймын! Сіздердің еңбектеріңіз – елдің ертеңіне қаланған берік іргетас. Ал шәкірттерімізге ай­тарым, ұстаздарды құрметтеңіздер, өйткені ұстаз екінші анаңыздай жан.