Ауыл мектебінде оқитын Ақжүніс Асылханқызы шетелде оқып, жаңа ортада өзгенің мәдениетін танысам, білім көкжиегімді кеңейтсем деген ниетпен үздіксіз ізденген. Нәтижесінде, ол Дубай, Түркия, Малайзия, Канада, АҚШ секілді дамыған елдердегі университеттерге құжатын жіберіп, 36-сынан шақырту алған. 16 жастағы оқушы Американың – 17, БАӘ – 5, Түркияның – 6, Малайзияның 5 университетінің грантын ұтып алып, Канаданың 1 университетіне президенттік стипендиямен оқуға шақыртылып отыр, – делінген хабарламада.