in

«Аптасына бір рет баланың тұсауын кесіп тұрамын» – Асхат Аймағамбетов

Депутаттың айтуынша, оқырманмен кері байланыс жақсы орнатылған.

– Еліміздің азаматтарымен тығыз байланыстамын. Әлеуметтік желі арқылы түрлі ұсыныстар түсіп жатады. Тіпті «баламның тұсауын кесіп берші» деген қарапайым ұсынысқа дейін түседі. Оларға мүмкіндігінше барып тұрамын. Аптасына бір рет тұсауды да кесеміз. Аузына түкірмейміз, бірақ салт-дәстүрді сақтаймыз, – дейді Асхат Аймағамбетов.

Депутаттың екі баласы бар. Үлкені – 9 сыныпта, мемлекеттік мектепте оқиды.

«Өте белсенді, кітапты көп оқиды. Өзім де кітап оқығанды жақсы көремін. Сол дағдыны балама үйреткім келді. Қазіргі жасанды интеллекті, технология, Tiktok, Instagram заманында балаларға өте құнды мәселе – кітап оқу. Тәрбие де сол кітаптың ішінде. Себебі, оқырман кейіпкерлердің сюжеттері арқылы түрлі құндылықтарды бойына сіңіреді. Әйтпесе бізде көбіне тәрбиені мектеп, ортасы береді деседі. Меніңше, тәрбие деген бірінші кезекте – отбасында», – деді ол.