Іс-шара қазіргі кезеңнің өзекті мәселелерінің бірі – жасанды интеллектінің әдебиет пен мәдениет салаларына ықпалын ғылыми тұрғыдан талдауға бағытталды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Іс-шара барысында әдебиеттанушылар, қаламгерлер, зерттеушілер мен сала мамандары баяндама жасап, ашық пікір алаңы ұйымдастырылды. Олар жасанды интеллектінің мүмкіндіктері мен сын-қатерлерін, сондай-ақ шығармашылық еркіндік пен этикалық жауапкершілік мәселелерін сөз етті.
Конференцияға Қазақстан Жазушылар одағының мүшелері, М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының ғалымдары, Ұлттық мемлекеттік кітап палатасы мен әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филология факультетінің оқытушылары және жас зерттеушілері қатысты.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.