Тәжікстан Республикасының астанасы Душанбеде 5-9 қараша аралығында өткен KhIMIO2025 халықаралық математика және информатика олимпиадасында қазақстандық оқушылар жоғары нәтиже көрсетіп, ел қоржынына сегіз медаль салды. Байқауға 10 мемлекеттен дарынды оқушылар қатысты, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Қазақстан құрамасы екі жас санатында 14-15 жас (7-8-сынып) және 16-18 жас (9-11-сынып) аралығындағы оқушылардан құралды.
Нәтижесінде, қазақстандықтар 100 пайыздық көрсеткішке қол жеткізді.
Жоғары жас санаты (9-11-сынып):
Кіші жас санаты (7-8-сынып):
Олимпиаданың жұмыс тілдері – ағылшын, орыс және тәжік тілдері. Қатысушылар математика мен информатика пәндері бойынша теориялық және практикалық турларда білімдерін сынады.
Қазақстан құрамасының олимпиадаға қатысуы Оқу-ағарту министрлігінің тікелей қолдауымен, сондай-ақ «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен жүзеге асты.