in

Марокко Корольдігі қазақстандықтарға 20 оқу грантын ұсынады

Марокко жоғары оқу орындарына құжаттарды қабылдау мерзімі ұзартылды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Марокко Корольдігі серіктес елдерге 2025-2026 оқу жылына арналған Марокконың жоғары, техникалық және кәсіптік мемлекеттік оқу орындарында стипендиямен 20 оқу грантын ұсынады.

Оқу деңгейлері: 

* Бакалавриат;

* Магистратура;

* Докторантура.

 

Оқыту тілі: Мароккодағы көптеген оқу орындарында оқытудың негізгі тілі – француз тілі. Ғылыми, техникалық және экономикалық бағыттарын таңдаған, бірақ француз тілін меңгермеген үміткерлер Рабат қаласындағы Халықаралық тілдер орталығында AMCI ұйымдастырған дайындық курсынан өтуі тиіс.

 

Грант келесі шығындарды қамтиды:

– ай сайынғы стипендия – 750,00 дирхам (шамамен 75 АҚШ доллары);

– медициналық сақтандыру;

– тұру шығындары (өтінім бойынша);

– тамақтану шығындары (өтінім бойынша).

 

Үміткерлер өз өтініштерін 2025 жылғы 31 шілдеге дейін Қазақстан Республикасының Марокко Корольдігіндегі Елшілігіне жолдауы қажет: email: kazembmar@gmail.com

Барлық толық ақпарат біздің ресми сайтта жарияланған: https://bolashak.gov.kz/kz/allnews/marokko-zhoary-ou-oryndaryna-zhattardy-abyldau-merzimi-zartyldy