in

Ұлттық банк инфляцияны төмендетуді көздейді

Отырыс барысында қатысушылар инфляцияны 5%-ға дейін төмендету арқылы макроэкономикалық тұрақтылыққа қол жеткізу мәселесін талқылады, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов бұл мақсаттың макроэкономикалық саясаттағы басымдық болып қала беретінін атап өтті.

Осыған байланысты банк қатаң ақша-кредит саясатын жалғастырып, шешім қабылдау процесінің ашықтығын арттыру үшін қосымша шаралар енгізуде. Атап айтқанда, базалық ставка бойынша комитет мүшелерінің жеке бағалауы мен шешімдердің қысқаша мазмұны жарияланып тұрады. Бұл инфляциямен күрестегі ашықтықты күшейтеді.

– Ұстамды қатаң ақша-кредит саясатынан бөлек, Ұлттық банк қосымша шаралар қабылдап жатыр, соның ішінде макропруденциялық сипаттағы шаралар да бар. Мәселен, қабылданған шешімдерді барынша ашық, сенімді ету үшін Ақша-кредит саясаты комитеті мүшелерінің базалық ставканың болжанған траекториясына қатысты жеке бағалары (жылына 4 рет), сондай-ақ базалық ставка бойынша қабылданған шешімді талқылау қорытындысының қысқаша мазмұны (жылына 8 рет) жарияланып отырады. Бұл шаралар Ұлттық банктің инфляцияны 5%-ға жеткізу мақсатына жету жолындағы қадамдарын барынша ашық етуге мүмкіндік береді, –  делінген Ұлттық банк хабарламасында.