Компания өз клиенттеріне қаражат беріп қана қоймай, көмек қолын ұсынады. Бүгін Басқарма төрайымы Раушан Құрбаналиева цифрландыру адам тағдыры, ал қайта қаржыландыру табысқа жету мүмкіндігі туралы, клиенттердің оқиғаларымен бөлісуге дайын.
– Раушан Ниетқабылқызы, Қазақстандағы микроқаржыландыру туралы әңгіме қозғаған кезде, «Арнұр Кредит» МҚҰ» ЖШС-ның қызметі туралы айтпау мүмкін емес. Көптеген жыл ішінде ұйым өзін дәстүрлі банктік жүйеден тыс қалған азаматтарға қаржылық қорларға қол жеткізу мүмкіндігін ұсынатын қаржылық сектордың аса тұрақты және жауапты қатысушыларының бірі екендігін дәлелдеді.
– Иә, бүгінде «Арнұр Кредит» несиені жай ғана ұсынбайды – ол мыңдаған қазақстандықтың, әсіресе ауылдық жерде өмірін өзгертіп, шағын бизнесті дамытуға, бизнесін кеңейтуге және қаржылық тұрақтылыққа қол жеткізуге мүмкіндік береді.
Компанияның негізгі ерекшелігінің бірі – әрбір клиентке деген ерекше қарым-қатынасы. Әрбір қарыз алушы – есептегі сан ғана емес, өзінің шынайы оқиғасы, қиыншылықтары мен жоспарлары бар адам.
Ұйым ұзақ мерзімді серіктестікке сүйенеді және заманауи технологияларды енгізе отырып, білім беру бағдарламаларын әзірлеп, клиентке қамқорлық жасау жай сөз емес, негізгі қағидат болып табылатын бірегей корпоративтік мәдениетті қалыптастыра отырып, процестерді үнемі жетілдіріп отырады.
Сондықтан «Арнұр Кредиттің» серіктесі болу – өсуге, инновацияға және әлеуметтік жауапкершілікке бағытталған күшті және тұрақты командаға қосылу дегенді білдіреді.
Компания «Клиенттердің құқықтарын қорғау» бағытына ерекше көңіл бөледі. Бұл біз үшін жай «сөз» ғана емес, ұйымның ішкі саясаты мен мәдениетінің белсенді бөлігі. MFR-ден тұтынушыларды қорғауға арналған алтын сертификаттың болуы шарттардың ашықтығының жоғары деңгейін және халықаралық стандарттарға сәйкес тұтынушылардың құқықтарын қорғау жүргізілетіндігін растайды. Ашықтық, клиенттердің дербес деректеріне деген құрмет, алаяқтықпен күрес және қаржылық сауаттылықты арттыру – компания жүйелі түрде жұмыс істейтін бағыттардың бір бөлігі.
– Компанияда клиенттердің құқықтарын, оның ішінде дербес деректерді қорғау қағидаты қалай жүзеге асырылады?
– Қауіпсіздік пен сенім – біздің жұмысымыздың негізі. Біз жеке деректерді көп деңгейлі шифрлау жүйелері және тұрақты аудиттер арқылы қорғауды қамтамасыз етеміз. Сонымен қатар, біз қызметкерлер мен клиенттер үшін нені және қалай қорғау керектігін түсіндіретін тренингтер өткіземіз. Мысалы, біз қауіп-қатерге қарсы әрекет етудің ішкі хаттамаларын белсенді түрде әзірлеп жатырмыз, қызметкерлерді оқытып жатырмыз, тіпті аудандарда қауіпсіздіктің заманауи талаптарына жауап беретін стандарттарды енгіземіз.
– Компания алаяқтықтың алдын алу үшін, әсіресе ауылдық жерлерде және аграрлық сектормен жұмыс істегенде мамандандырылған цифрлық шешімдерді пайдалана ма?
– Әрине, біз бұл мәселеде көптеген озық шешімдерді қолданамыз және олардың бірі – қазақстандық IT мамандарының әзірлеген дыбыстық роботы. Бұл шешім клиенттерге алдағы төлем туралы еске салады, төлемді кешіктіру себептерін анықтайды, орыс және қазақ тілдерінде жұмыс істей отырып, қолмен жасалынатын қоңыраулардың орнын тиімді басты. Осы құралдың ауылдық жерлердегі клиенттеріміз үшін маңызы өте жоғары, себебі мұндай еске салу аса қажетті. Қазіргі таңда қарызды қайтару деңгейі айтарлықтай артты, ал компания қызметкерлері басқа маңызды басқа тапсырмаларға өз уақытын бөле алады.
– Клиенттер үшін шарттардың ашықтығын қамтамасыз ету жолында қандай қиыншылықтар бар және оларды компания қалай шешеді?
– Кейбір жағдайларда клиенттер төлем кестелерін шатастырып алады, әсіресе басқа ұйымдардан несие алған жағдайда. Бір жағдай есімде: бір әйел ауылдан келген, баласы екеуі көп несие алған. Біз олардың жағдайын талдап, қайта қаржыландыру механизмін ұсынып, төлемдер кезектілігін дұрыс құруға көмектестік.
Нәтижесінде қазір клиентте мерзімі өткен төлемдер жоқ және жақсы кредиттік тарихы бар. Бұл клиентке деген жеке қарым-қатынастың мысалы және мұндай талдау адамдардың ағымдағы проблемаларын шешуге көмектесіп қана қоймай, болашаққа қажет мүмкіндіктерді арттырады.
– Нарықта бәсекелестік артып келеді. Клиенттеріңіздің сенімін сақтау мен олардың құқықтарын қорғау бойынша тәсілдерді дамыту үшін қандай іс-әрекеттер жасалуда?
– Біз үнемі білім алып, дамып келеміз. Мысалы, компания ішінде Көшбасшылар академиясын іске қостық. Алдымен қызметкерлер бастапқы дайындықтан өтеді, содан кейін әлеуеті жоғары көшбасшыларды анықтап, арнайы бағдарламалар бойынша оқуға жібереміз. Алматы Менеджмент Университеті (ALMAU) жоғары оқу орнымен жасалынған серіктестік бағдарламасының шеңберінде біздің компаниямызға арнайы қазақ тіліндегі бірегей pre-MBA бағдарламалары әзірленген. Қызметкерлердің дамуына жұмсалған мұндай инвестициялар жақсы нәтиже береді, себебі қызметкерлеріміз компания ішіндегі клиенттердің қорғаушысына айналады.
– Клиенттердің құқықтарын қорғайтын ғана емес, олардың қаржылық сауаттылығын арттыратын стратегиялардың немесе бастамалардың мысалын келтіре аласыз ба?
– Біз белсенді түрде қаржылық ағартушылық білім беруді жүзеге асырып жатырмыз. Біз оқыту мектептеріне қатысып, әсіресе ауылдық жерлерде шеберлік сабақтарын өткіземіз. Оқыту мектептеріндегі іс-шараларға қатысамыз, ауылдық жерлерді қоса алғанда, көптеген аймақтарда мастер-кластарды өткіземіз. Адам кредиттің қалай жұмыс істейтіндігін түсінген кезде оны ойланып барып алады. Мысалы, бізге ұлымен бірге келген әйелге төлемдер кестесінің қалай жұмыс істейтіндігін, өтеудің басымдылық тәртібін, қайта қаржыландырудың не екендігін түсіндірдік. Нәтижесінде олар өз қарызын басқаруды үйренді. Біздің пікірімізше, нағыз қорғаныс құралы – адамға білім мен құрал беру.
Раушан Құрбаналиева тек қана ірі микрокредиттік ұйымды басқаратын білікті басшы ғана емес, компаниядағы өзгерістердің басында тұрған менеджер екендігін еске саламыз. Компанияның Басқарма төрайымы кәсіби тәжірибесі Қазақстанды ғана емес, сонымен қатар жетекші МҚҰ директорлар кеңесінде қызмет ететін Орта Азияның бірнеше мемлекеттерін қамтиды. 20 жыл ішінде компанияға табыс алуға көмектесетін ғана емес, құндылықтарды қалыптастыруға бағытталған жүйені құрған. Сондықтан «Арнұр Кредит» клиенттер үшін және қаржылық тұрақтылық арқылы әлеуметтік өзгерістердің күшіне сенетін барлық адамдар мен ұйымдар үшін сенімді серіктес болып қала береді.