in

Жеке тұлғалардың соттан тыс банкроттық рәсімін онлайн банк арқылы жасауға болады

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті жеке тұлғалардың соттан тыс банкроттық рәсімін қолдануға өтініш беру мүмкіндіктерінің кеңейтілгені туралы мәлімдеді, – деп хабарлайды Аikyn.kz.

      2025 жылғы 10 маусымнан бастап Қазақстан Республикасының азаматтары өтінішті «Банк ЦентрКредит» АҚ-ның (bcc.kz) мобильді қосымшасы арқылы беру мүмкіндігін пайдалана алады. Бұған дейін рәсім тек ХҚКО-ға жеке жүгіну немесе eGov.kz порталы арқылы ғана қолжетімді болатын.

      Bcc.kz мобильді қосымшасындағы «Мемлекеттік қызметтер» бөлімінде «Жеке тұлғалардың банкроттығы» қызметі іске қосылды.
Маңызды: сервисті пайдалану тегін, өтініш беру үшін комиссия өндіріп алынбайды.

      Өтініш беру бойынша қадамдық нұсқаулық:                        

      Бұл рәсімді тек «Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабына сәйкес соттан тыс банкроттық рәсімінің талаптарына сәйкес келетін жеке тұлғалар ғана қолдана алады.