in

Meta Instagram, Facebook пен WhatsApp-та премиум қызметті сынап көрді

BBC News хабарламасына сүйенген Aikyn.kz Meta-ның кеңейтілген ЖИ үшін ақылы мүмкіндік енгізу жоспарын қарастырады.

Технологиялық алпауыт Meta алдағы айларда Instagram, Facebook және WhatsApp платформаларында ақылы қызметті сынақтан өткізбек. Жаңа ақылы мүмкіндік пайдаланушыларға кеңейтілген жасанды интеллект (ЖИ) мүмкіндіктеріне қол жеткізуге жол ашады, ал негізгі қызметтер бұрынғыдай тегін қала береді.

Фото Meta сайтынан алынды .

Meta «премиум қызмет аясында қосымша функциялар, соның ішінде Vibes атты видео генерациялау құралы да тексеріледі» деп мәлімдеді. Компания бұл құрал «жаңа ЖИ-визуал жасау мүмкіндіктері арқылы идеяны жандандырады» дейді. Vibes қыркүйекте Meta AI қосымшасының жаңартылған нұсқасымен бірге таныстырылған.

Сонымен қатар Meta ақылы қызмет жоспарларында Manus деп аталатын қытайлық негізі бар ЖИ компаниясының технологияларын қолдануды көздейді. Желтоқсан айында Meta шамамен $2 млрд-қа Manus компаниясын сатып алу жөнінде келісім жасады. Manus күрделі тапсырмаларды орындай алатын автономды агенттерімен ерекшеленеді. Бұл агенттер пайдаланушының араласуын барынша азайтып жұмыс істейді: сапар жоспарлау, таныстырылым дайындау сияқты жұмыстарды өздігінен атқара алады.

Компания Manus-ты бизнеске арналған жеке жазылым ретінде де ұсынуды жалғастырады. Ал Қытай билігі қаңтарда бұл мәмілені елдің технология экспорты мен ұлттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестігі тұрғысынан тексеретінін хабарлаған.

Фото gettyimages сайтынан алынды.

Компания Manus-ты бизнеске арналған ақылы нұсқа ретінде де ұсынуды жалғастырады. Былтыр Facebook кей қолданушыларға ақылы қызметсіз сілтемелерді бөлісуге шектеу қойған. Ұлыбританияда қаңтардың соңында Facebook пен Instagram-ды жарнамасыз пайдалану үшін айына £2,99 болатын премиум қызмет туралы хабарлама жіберілді. Бұған қоса, 2023 жылдан бері Meta Facebook пен Instagram-да көк белгісі бар ақылы верификацияны да ұсынып келеді.

Meta бұл ақылы қызметтер арқылы жаңа табыс көзін сынап көрмек. Ал пайдаланушылар үшін негізгі сұрақ – премиум функциялар шынымен қажет пе, жоқ па? Оны уақыт көрсетеді.