in

1 900-ден астам жәбірленушісі бар Matic Basket қаржы пирамидасының қызметі тоқтатылды

Ұйымдастырушылар өздерін YouTube, WhatsApp және Telegram әлеуметтік желілері арқылы жарнамалап, азаматтарды Matic Basket жобасына ақша салуға шақырған, – деп хабарлайды  Aikyn.kz. 

Олар криптовалюта биржасында майнинг пен трейдинг арқылы жоғары пайда уәде еткен.

Салымшылардың салған ақшалары 5 000 теңгеден 1 100 АҚШ долларына дейін жеткен.

Алайда салымшыларға ақша салғанын растайтын ешқандай құжат берілмеген, әрі олармен келісімшарт немесе ресми келісімдер жасалмаған. Жаңа қатысушыны тартқан жағдайда әрбір қаржылық операциядан 10% көлемінде кіріс түсетіні айтылған.

Нәтижесінде, қаржы пирамидасына Қазақстан мен ТМД елдерінің 1 900-ден астам азаматы тартылып, жалпы сомасы 80 млн теңгеден астам қаражат салынған.

Күдіктіге қатысты бұлтартпау шарасы ретінде елден шығуға тыйым салынды. Тергеу амалдары жалғасуда. ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жариялауға жатпайды.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM арнасынан табасыз.