in

1 қарашадан бастап ипотекалық несиелер бойынша сыйақы мөлшерлемесі төмендетіледі

ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі мен Ұлттық банк бірлескен қаулымен ипотекалық тұрғын үй несиелері бойынша жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесін 25%-дан 20%-ға төмендету нормаларын 2025 жылғы 1 қарашаға дейін уақытша тоқтатты, –  деп хабарлайды Aikyn.kz.

Бұл шешім банктерге алдағы өзгерістерге дайындалуға, ал қарыз алушыларға бұрын мақұлданған несиелерді бұрынғы шарттармен алуға мүмкіндік беру үшін қабылданған.

2025 жылғы 1 қарашадан бастап жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесінің шекті мөлшерлері мынадай болып белгіленеді:

екінші деңгейлі банктер мен жекелеген банк операцияларын жүзеге асыратын ұйымдар беретін несиелер бойынша:

кепілсіз банктік несиелерге – 46%;

кепілмен қамтамасыз етілген несиелерге – 35%;

ипотекалық тұрғын үй несиелеріне – 20%;

микроқаржы ұйымдары беретін микрокредиттер бойынша – 46%.

Осылайша, 2025 жылғы 1 қарашадан бастап ипотекалық несиелер бойынша сыйақы мөлшерлемесі 25%-дан 20%-ға дейін төмендейді. Айта кетсек, ипотекалық тұрғын үй несиелері бойынша жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесін төмендету туралы бірлескен қаулы 2025 жылғы 8 қыркүйекте қабылданған болатын.