Қазақстан Ұлттық банкі 2025 жылғы 29 шілдеден бастап банктің интернет-дүкені арқылы «Ұлы қолбасшылар» сериясынан ALEXANDER THE GREAT коллекциялық монеталары сатыла бастағанын мәлімдеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Монеталар 925 сынамды күмістен жасалған. Массасы 31,1 грамм, диаметрі – 38,61 мм, дайындау сапасы – proof, номиналы – 1 000 теңгелік, таралымы – 2000 (екі мың) дана.
Коллекциялық монеталар Қазақстан теңге сарайында дайындалған.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.