in

Үшінші АЭС-ті қытайлық компания салады – Үкімет

Үшінші станса Қытаймен бірлесіп салынбақ. Бұл туралы бүгін, 2025 жылғы 31 шілдеде Үкіметте өткен баспасөз мәслихатында Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр айтты, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Роман Скляр үшінші атом электр стансасын екіншісі сияқты қытайлық компания салады деген болжам айтты.

“Біздің Атом энергиясы жөніндегі агенттіктегі әріптестеріміз де қазір орналастыру орындарында жұмыс істеп жатыр”, – деді ол.

2025 жылдың 15 шілдесінде Роман Скляр Қазақстандағы АЭС-тің техникалық-экономикалық негіздемесі (ТЭН) қашан дайын болатынын хабарлады.