Бұл туралы Премьер-Vинистрдің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеудің Иран президенті Масуд Пезешкианмен кездесуі кезінде айтылды. Тараптар екі жақты ынтымақтастықты дамыту, арадағы қатынастарды жан-жақты нығайту мәселелерін талқылады. Бұдан бөлек Каспий теңізінің транзиттік әлеуетін пайдалану және көлік-логистика саласындағы бірлескен жобалардың перспективаларын қарастырды.
Сондай-ақ Мұрат Нұртілеу Иран басшысына Қасым-Жомарт Тоқаевтың жылы лебіздері мен Құрбан айт мерекесіне орай жолдаған құттықтауын жеткізді.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.