in

Қазақстанның бес аймағында жүк айналымының көлемі артты

Бұл 2024 жылғы ұқсас кезеңдегі деңгейден 11,9% артық. Жүк айналымы да 13,6% өсіп, 229,4 миллиард тонна-километрге жетті, – деп хабарлайды Aikyn.kz. 

Өңірлік бөліністе 2025 жылғы қаңтар-мамыр айларында жүк айналымының ұлғаюы Астана (21,9%), Алматы (5,5%) қалаларында және Атырау (41,0%), Жетісу (38,5%), Маңғыстау (26,9%) облыстарында байқалды. 

Теміржол көлігімен биылғы 6 айда 185,5 млн тонна жүк тасымалданды, бұл өткен жылмен салыстырғанда 14,1% артық. Осы сектордағы жүк айналымы 138,8 млрд ткм құрады. 

Автомобиль көлігі де оң динамиканы көрсетті: жүк тасымалдау 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2,3%, жүк айналымы 44,6% өскен. 

Құбыр жолымен 2025 жылғы қаңтар-мамыр айларында 142,9 млн тонна жүк тасымалданды, бұл өткен жылмен салыстырғанда 18,2% артық. Осы сегменттегі жүк айналымы 16,2% артып, 71,8 млрд ткм құрады. 

Әуе көлігімен 11,4 мың тонна жүк тасымалданды, өткен жылмен салыстырғанда өсім 12,2%. мұндағы жүк айналымы 11,9% артып, 26,2 млн ткм құрады. Теңіз көлігімен жүк тасымалдау көлемі 43,9% артып, 1,6 миллион тоннаны құрады. 

Теңіз секторындағы жүк айналымы 14,7% өсіп, 747,9 млн ткм құрады.