in

Қазақстанда Telegram-ның кеңсесі ашылады

Қазақстанда Telegram-ның кеңсесі ашылып, өкілі сайланады. Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев мәлімдеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Министрдің айтуынша, енді WhatsApp және TikTok сияқты интернет-платформалар да елімізде өз өкілін тағайындайды.

«Біз сондай-ақ Telegram платформасымен заңсыз контентті жедел жою және деструктивті арналарды бұғаттау бойынша белсенді түрде ынтымақтастық орнатып жатырмыз. Біздің заңнамаға сәйкес, енді Telegram, WhatsApp және TikTok сияқты интернет-платформалар Қазақстанда өз өкілін тағайындауға міндетті. Telegram-мен олардың өкілін тағайындау және кеңсе ашу туралы келісімге қол жеткізілді,  бұл – контентті бақылауды арттыруға бағытталған маңызды қадам», –  деді Жаслан Мәдиев.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram  арнасынан таба аласыз.