in

Қазақстанда «үй жанындағы дүкендердегі» бағаларды бақылау күшейтіледі

Қазақстанда көтерме импортты ретке келтіруге және ШОБ-ты қолдауға бағытталған отандық B2B-платформасын іске қосу жоспарлануда. Үкімет отырысында Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев әзірленіп жатқан алаң рәсімдерді жеңілдету және жеткізушілермен тікелей арналар арқылы интеграциялау үшін цифрлық шешімдерді пайдаланатынын баяндады, – деп хабарлайды Aikyn.kz. 

«JD.com және Alibaba тобымен келіссөздер жүргізуді қоса алғанда цифрлық шешімдерді енгізу, рәсімдерді оңайлату және жеткізушілермен тікелей арналар арқылы интеграциялау жоспарлануда», – деді министр.

Жобаны толыққанды іске қосу үшін Қазақстан мен Қытай Үкіметтері арасындағы келісімге өзгерістер талқыланады, сондай-ақ тауарларды сертификаттау кезіндегі техникалық кедергілерге байланысты мәселелер шешіледі.

Сонымен қатар Мемлекет басшысының атаулы әлеуметтік көмекке көшу жөніндегі тапсырмасы шеңберінде Қазақстанда бағаларды бақылауды күшейтуге және халықтың әлеуметтік осал топтарына қолдау көрсетуге бағытталған шаралар іске асырылуда.

«Біз әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына 15% сауда үстемесін бақылауды күшейтуге көшеміз. Сонымен қатар тиімді басқару шешімдерін қабылдауға мүмкіндік беретін ӘМАТ бағасын талдау модулі іске асырылуда», – деп атап өтті Сауда және интеграция министрі Арман Шакқалиев.

Атаулы әлеуметтік көмек алушыларға азық-түлік ваучерлерін ұсыну бойынша пилоттық жоба іске қосылуда. Ваучермен әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларды сауда үстемесіз бағасына сатып алуға мүмкіндік береді. Пилоттық жобаны Ақкөл, Көкшетау және Павлодар қалаларында 5 мыңға жуық АӘК алушылардың қатысуымен өткізу жоспарлануда. 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM арнасынан табасыз.