in

Қазақстанда АЭС құрылысы қашан басталатыны белгілі болды

8 тамызда еліміздегі алғашқы атом электр стансасының (АЭС) құрылысы ресми түрде басталады, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты. 

Бұл туралы жобаны жүзеге асырып жатқан «Қазақстан атом электр стансасы» компаниясы мәлімдеді.

Болашақ стансаның құрылысына Алматы облысы Жамбыл ауданына қарасты Үлкен ауылының маңы таңдалған. Жобаны ресейлік «Росатом» мемлекеттік корпорациясы жүргізеді. Қазіргі таңда алғашқы кезең ретінде жердің геологиялық ерекшеліктерін зерттеу жоспарланған. Ол үшін топырақтан арнайы сынамалар алынып, герметикалық капсулаларға салынады да, зертханалық сараптама үшін Ресейге жөнелтіледі.

 

Айта кетейік, 2024 жылы «Росатом» Қазақстандағы АЭС жобасы бойынша консорциумның жетекшісі ретінде танылған болатын. Алайда ресми билік еліміздің болашақтағы атом энергетикасы саласында Қытаймен әріптестікті басым бағыт ретінде қарастырып отыр.