Ұлттық банк 30 мамырға мынадай ресми бағамдарды бекітті, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
АҚШ доллары – 509,26 теңге;
Ресей рублі – 6,46 теңге;
Еуро – 574,75 теңге.
Kurs.kz деректері бойынша, Алматыдағы айырбастау пункттерінде қазір:
доллар – 509 теңгеге сатып алынып, 511 теңгеге сатылуда;
еуро – сатып алу 574 теңге, сату – 579 теңге.
Астанадағы жағдай сәл өзгеше:
доллардың сатып алу бағамы – 507 тг, сату – 513 тг;
еуро 570 тг-ге сатып алынып, 580 тг-ге сатылып жатыр.
Ресей валютасы екі қалада да 6,36-6,52 теңге аралығында саудалануда.
Еске сала кетсек, 29 мамыр күндізгі саудада доллар орта есеппен 3,17 теңгеге арзандап, 509,26 теңге деңгейінде тіркелген еді.