in

Доллардың бүгінгі бағамы қандай?

Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 485-490 теңге аралығында саудаланып жатыр, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

ҚазАқпараттың хабарлауынша, Ұлттық банктің 28 қазанға арналған ресми бағамы –  1 долларға 485,11 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны – 5,02 теңге. Еуро – 523,82 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 485,1 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы –  487,5 теңге. Еуро 524,5-528,5 теңге аралығында құбылып тұр.

Ал Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы –  485 теңге, сатып алу құны –  490 теңге. Еуро 523 теңгеден сатылып, 529 теңгеден сатып алынады.

Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 4,95-5,05 теңге аралығында саудаланып жатыр.

Айта кетейік, 24 қазан кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 1,12 теңгеге төмендеп, 485,13 теңге болған.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram   арнасынан таба аласыз.