Агенттік төрағасы Мәдина Әбілқасымова өзі жетекшілік ететін агенттік тауар бағасын белгілемейтінін ескертті, – деп хабарлайды Аikyn.kz сайты.
“Мәселен, қарыз алушы тауарды қолма-қол ақшаға алғанда және бөліп төлеумен алса, қанша қосымша үстемеақы қосылатынын нақты білуі тиіс. Яғни, тауарды қолма-қол ақшаға алса бір баға, ал бөліп төлеуге алса басқа баға болу керек. Сатып алушы несие рәсімдеген кезде тауар құнына қандай үстемеақы қосылатынын білуі қажет”, – деді агенттік басшысы Парламенттің бірлескен отырысының кулуарында.