in

Биыл оқу жылының басында пәтер жалдау құны қымбаттамады

Тамызда Алматыда пәтер жалдау 1,5% қымбаттады. Жаздың соңында көрсеткіштің бұлай баяу өсуі соңғы төрт жылда алғаш рет байқалып отыр, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты Naryk.kz сайтына сілтеме жасап.

Салыстырып көріңіз: 2023 жылы  – 3,5%, 2022 жылы – 26,6%, ал 2021 жылы 14,7% өскен еді. 

Бағаның күрт көтерілуін күту орынды. Себебі Алматыда елдегі барлық жоғары оқу орындары студенттерінің шамамен үштен бірі (187 мың адамға жуық) бар. Олардың көпшілігі басқа қалалардан келетіндіктен, оқу аяқталғанша тұрғын үй жалдайды. Алайда бұл жолы олардың келуі нарыққа айтарлықтай әсер етпеген сияқты.

Ал Астанада тұрғын үй жалдау бағасы – 1,9%, Шымкентте 2,8% қымбаттады. Екі жағдайда да өсу қарқыны жоғары болғанымен, студенттер бұған көп ықпал етпеген секілді. Біріншіден, бұл қалаларда студенттер саны әлдеқайда аз – жалпы санның шамамен 25%-ын құрайды. Екіншіден, бұрын оқу жылының қарсаңында аталған қалаларда баға қатты өспейтін.