Бәсеке, байлық кімде бар?
Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің мәліметінше, елдің банк секторында 21 екінші деңгейдегі банк бар, оның 13-і шетелдік капиталдың қатысуымен құрылған, соның ішінде 9-ы – жатжұрттық банктердің еліміздегі еншілес банкі.
Банкирлер тоқтаусыз баю үстінде: биылғы наурызда ғана банктердің байлығы ел тарихында ешқашан болмаған 61 триллион теңгеге жетіп еді. Бұл рекорд ұзақ тұра қоймады, лезде бұзылды. 2025 жылғы 1 мамырда банк секторының активтері 62,6 триллион теңгені құрады.
Салыстырсақ, бүкіл Қазақстанның қазіргі күн көріп отырған, 2025 жылға арналған республикалық бюджеті – 25,8 трлн теңге. Яғни, банкирлердің ауқаты мемлекет қазынасынан 2,5 еседей көп! Банкирлердің қазынасы алапат қарқынмен, жыл сайын 9-10 триллион теңгеге ұлғайып тұрады. Ал республикалық бюджет (оған мемлекеттік және жергілікті бюджеттер тегіс кіреді) жыл сайын тек 3-4 триллионға көбейеді.
Ranking мониторлық агенттігінің хабарлауынша, осы ұлан-ғайыр байлықтың басым көпшілігін 5 алпауыт банк қана иеленіп алған: «Атап айтқанда, 2025 жылдың қаңтар-ақпанында активтерін арттыру жөнінен Halyk Bank абсолютті лидер болып қалды. Ол небәрі екі айда активін бірден 3,1 триллион теңгеге өсіріп, жалпы алғанда 18,2 триллион теңгеге жеткізді. Көшбасшылардың үштігіне сондай-ақ Kaspi Bank (плюс 1,2 трлн, жалпы 7,8 триллион теңге) және «ЦентрКредит банкі» (үш айда 1,6 трлн, жалпы активі 6,9 триллион) кіре алды. Шыңдағы бестікте ForteBank (459,2 млрд, жалпы 4 триллион) және Bank RBK (469,4 млрд, жалпы 2,4 триллион) бар», – деп хабарлады мониторинг агенттігі.
Ал қаржылық реттеуші ауқат мұхитында шалқыған банктердің экономиканы кредитпен молықтыруға асықпай отырғанына екпін түсірді. Биылғы қаңтар-сәуір аралығында екінші деңгейдегі банктер экономикаға берген кредиттерін небәрі 3,8%-ға арттырған. Оның өзінде басым бөлігін халыққа бағасы удай тұтынушылық несие ретінде таратыпты.
Халықтың қандай қарыз құрдымына құлағанын ұғыну үшін келесі қорқынышты көрсеткіштерге үңілген жөн. Қаржы нарығын реттеу агенттігінің ақпаратынша, бұрынғы жылдардан бүгінге дейін банктер халық пен бизнеске жалпы сомасы 35 трлн теңге қарыз беріпті. Оның ішінде ұлттық валютада берілген кредиттер 2,1%-ға ұлғайып, 32,3 триллион теңгеге жетті. Шетел валютасындағы кредиттер 0,5%-ға артып, 2,7 триллион теңге болды.
Аталған 35 триллионның 13,3 трлн теңгесі ғана бизнеске берілген. Яғни, айналым қаражатын толықтыруға, жаңа кәсіп ашуға, өндірістерді дамытуға, зауыт-кәсіпорын салуға және басқа қымбат жобаларға там-тұмдап берген. 5 трлн теңгесі – ірі бизнеске, 5,8 трлн теңгесі – шағын және орта бизнеске, 2,5 трлн теңгесі – жеке кәсіпкерлерге тиесілі.
Есесіне, 22 триллион теңгеге жуық қарызды халыққа несиеге үлестірген. Басқаша айтқанда, банкирлер иелігіндегі 63 триллиондай байлық ел игілігін еселеуге, экономиканы өрлетуге, бизнесті жаһандық дәрежеде бәсекелі етуге сүбелі үлес қосып жатқан жоқ. Банктерді қызықтыратыны – қарапайым қазақстандықтарға қарыз таратып, қайтармаса үйін, көлігін, басқа мүлкін тартып алу, зейнетақы, жәрдемақы, жалақы және басқа табысын жолай бұғаттап, жартысынан көбін алып қою.
Сөйтіп, банктер қазақстандықтардың басым көпшілігін өмір бойы өзіне қызмет ететін табыс көзіне, «сауын сиырға» айналдырады. Сарапшылар бүгінде әрбір үш қазақстандықтың екеуі қаржы ұйымдарына қарыз екенін айтады. Кәсіпкер де қысым, тоқпақ астында: қаржылық реттеуші банктердің бизнеске берген кредиттері сыйақысының орташа ставкасы 31,1% екенін жеткізді. Мұндай өте қымбат кредитті алып, зілбатпан қамыт киген кәсіпкердің өркендемек түгіл, адымының ашылуы күрделі.
Агенттіктің мәліметінше, 2025 жылғы сәуірде банктердің тұтынушылық қарыздар бойынша ставкасы 20,4%-дан 21,2%-ға дейін көтерілді. Соған қарамастан жыл басынан бері елде қымбат тұтынушылық қарыз алуға мәжбүр клиенттер саны тағы 5,0%-ға өсті. Берешек батпағына батқан бұқара өкілдерінің бір бөлігі қарызын өтеуді тоқтатты. Ресми статистика бойынша, 2025 жылғы 1 мамырда иелері 90 күннен астам мерзім бойы төлем енгізуді тоқтатқан несиелердің саны 1,3 триллион теңгеге жетті.
Сала жаңа банктерге құшақ аша ма?
21 банк қарасы 20 миллионнан асқан тұтынушының тақиясына тар келері сөзсіз. Сондықтан Қаржы нарығын реттеу агенттігі ел тарихында болмаған реформаны бастады. Ол осы арқылы бір жағынан, лицензиялау жүйесін жаңғыртуды, екінші жағынан, жаңа банк ашқысы келетін инвесторлардың отандық банк нарығына қолжетімділігін арттырып, талаптарды жеңілдетуді көздейді.
Қаржы саласының маманы Гүлмира Нығметжанованың түсіндіруінше, Қазақстанда банк құру ісі күрделендірілген. Мысалы, Америкада, штаттардың бірінде банк ашу үшін 10-нан 30 миллион доллардай еркін капиталыңыздың бар екенін растасаңыз жетеді. Яғни, білікті персоналы, қажетті құжаттары, ғимараты сыртында, 5,2 миллиард теңгеден астам бос қаржысы бар инвестор қаласа, төл банкін құруға кірісе алады.
–Бізде шамамен 200 миллион доллардай ақшаңыз болмаса, банк ашу туралы армандай алмайсыз. Бұл бизнеске кіруге осындай «биік табалдырық» арқылы асу бермес асқар тосқауыл қойылған. Басқаны айтпағанда, көрші Ресейде банк ашу үшін долларлық миллиардер болуыңыз қажет емес. Қаржыгерлер қауымдастығы бұрыннан реттеушінің назарын аударып келеді. Халықаралық тәжірибедегі озық үлгілерге негізделген ұсыныстар енгізілді. Нәтижесінде, Қазақстан енді Ресейдің үлгісін таңдағаны анықталып отыр, – деді қаржыгер.
Оның айтуынша, РФ-та қазір банктер жарғылық капиталының мөлшеріне қарай екіге бөлінеді. Соның ішінде базалық лицензиямен істейтін банктен 300 миллион рубльден (шамамен 1,8 млрд теңгеден)
1 миллиард рубльге дейінгі төл капиталы болуы талап етіледі. Универсалды-әмбебап лицензия алғысы, яғни жеке тұлғалардың да салымдарын тартқысы келсе, онда ең кемі 1 миллиардтан 3 млрд 600 млн рубльге дейін жарғылық капиталын қалыптастыруы қажет.
Басқаша айтқанда, солтүстік көршіде банк ашу үшін долларлық емес, рубльдік миллиардер болса да жеткілікті. РФ Орталық банкінің дерегінше, 2025 жылғы
1 мамырда Ресейде 309 банк жұмыс істейді, оның 215-і – универсалды лицензияға, 94-і – базалық лицензияға ие. Яғни, көршіде әрбір 500 мың адамға 1 банктен келеді. Қазақстанда әрбір 1 миллион тұрғынға шаққанда 1 банктен тиеді. Қырғыз Республикасында 23 коммерциялық банк бар. Олай болса, Алатаудың арғы баурайындағы туысқан елде әрбір 300 мың тұрғынға бір банк қызмет етеді.
Сарапшы егер Парламент құптап, заңын қабылдап жатса, қазақстандық қаржылық реттеушінің бастамасы Қазақстанда жаңа банктердің пайда болуына жол ашатынын болжады. Мысалы, ондай жағдайда микроқаржы ұйымдарының бір бөлігі банкке айналуы мүмкін. Қаржыгерлердің пайымдауынша, Қаржы нарығын реттеу агенттігінің «баламасыз» төрайымы Мәдина Әбілқасымованың ұжымы жариялап жүргендей, бұл қадам салада бәрібір бәсекелестікті арттыра алмайды.
Себебі алпауыт банктер енді «әмбебап-универсалды» банктерге айналады. Ал жаңа банктер «пирамида» түбіндегі базалық деңгейде қалады. Ендеше алпауыттарға бәрібір тең бола алмайды. Әйткенмен, жаңа реформа, яғни жаңа банктердің нарыққа кіру шарттарын жеңілдету салаға игі әсер етсе керек. Айталық, қаржы таппай, «аңқасы» кепкен экономикаға кредит беруге оң әсер ете алады.
Әмбебапқа ерем деп…
– Базалық лицензия әмбебаптан біршама ерекшеленеді: оған ие банктерге белгілі бір операцияларды жүзеге асыруына шектеу қойылады. Базалық лицензияны ғана алған банктердің қызметіне мынадай шектеу енгізілетін болады: біріншіден, активінің ең жоғарғы шегі 500 миллиард теңгеден асып кетпеуге тиіс. Осы шекті деңгейге жеткенде банк белгілі бір уақыт аралығында әмбебап лицензияны алуға міндетті болады, – деді қаржылық реттеушінің сарапшылары.
Екіншіден, активтермен байланысты операциялар жүргізгенде, шетелдіктерге, бейрезиденттерге кредиттік өнімдерін, соның ішінде заем-қарыздарды, кепілдіктер мен кепілгерліктерді (гарантии и поручительства), лизингті және кредиттеуге байланысты басқа да операцияларды ұсына алмайды.
Үшіншіден, «банкпен ерекше қатынастары арқылы байланысты тұлғаларға» қарыз беруіне тыйым салынады. Банкпен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлғаларға: банктің лауазымды адамдары, басшы қызметкерлері, директорлар кеңесі комитеттерінің және тиісті органының басшылары, сондай-ақ олардың жұбайлары мен жақын туыстары; осы банктің iрi қатысушысы болып табылатын жеке немесе заңды тұлға мен олардың жұбайы, 10 және одан көп пайызына ие акционерлер, банктің үлестес тұлғалары және басқасы жатады.
Төртіншіден, базалық лиценцияны ғана қоржынына салған банктердің халықтан қаржы тарту тұрғысынан да құлашы, «тәбеті» шектеледі. Яғни, жеке тұлғалардың мерзімді және жинақ депозиттерінің жиынтық мөлшеріне қатысты шектеу болады. Бесіншіден, бұлардың күрделі және тәуекелді қаржы құралдарын қолдануына, брокерлік және дилерлік қызметті жүргізуіне тыйым салынады.
Қаржылық реттеушінің сендіруінше, Қазақстанда «базалық» лицензияны енгізу арқылы нарық ойыншылары үшін реттеу мен қадағалау режимі жеңілдетілетініне қарамастан, ұсынылып отырған тәсіл саладағы қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ету және тұтынушылардың құқықтарын қорғау үшін жеткілікті. Ведомство осы арқылы мысалы, облыстық-аймақтық банктердің құрылуына қол жеткізбек.
–Қазір банктер негізінен, Астана мен Алматыда, облыс орталықтарында шоғырланған, өңірдегі филиалдарын оңтайландырды. Сондай-ақ өңірлік шағын банктерді құруға деген қызығушылық жоқтың қасы. Мұның бәрі сектордағы бәсекелестікті әлсіретіп, қаржылық қызметтердің қолжетімділігін шектеді. Бұл өз кезегінде, елдегі бүкіл экономикалық белсенділікті бәсеңдетті. Әсіресе, шағын, орта бизнесті дамуы үшін қажетті ресурстардан айырды, – деді агенттік мамандары.
Қолданыстағы заңнама банктердің бәріне бірдей талап қояды. Бұл реттеушілік талаптар олардың бизнес-моделін, қызмет ауқымын, операциялардың күрделілігін және соған байланысты тәуекелдерді есепке алмайды. Сондықтан Парламенттің күзде басталатын жаңа сессиясында қабылданады деп күтілген «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» жаңа заң жобасы тепе-теңдік қағидатын (принцип пропорциональности) енгізбек.
«Тепе-теңдік қағидаты олардың қызметінің ауқымын, мән-маңызын, сипатын, күрделілігін ескеруді, қаржы нарығындағы маңыздылығына сәйкес санаттарға бөлуді, бақылау мен қадағалаудың жиілігін және тереңдігін жаңаша айқындауды қарастырады. Банк секторын жаңаша, тепе-тең реттеу құралдарының бірі – банк лицензияларының түрлерін әмбебап және базалық деп саралау. Базалық лицензия, бір жағынан, оңайлатылған реттеуді, ал екінші жағынан, қызметті жүзеге асыру кезінде рұқсат етілген операциялардың қысқартылған тізбесін және басқа шектеулерді көздейді», – деді агенттіктегілер.
Реттеуші бұлай саралау «банктерді кемсітуге, ала қойды бөле қырқуға соқтырады» деген пікірлермен келіспейді. Оның мәліметінше, бүгінде республикада 25 банкке лицензия берілген. Алайда соның 9-ы ғана банк заңнамасымен көрсетілген банктік және басқа операцияның 25-тен көп түрін жүзеге асырады. Қалған 12 банк 25-тен кем банктік және басқа операция бойынша ғана қызмет көрсетеді. Соған қарамастан, бұларға да алпауыттардан сұралатын талаптарды тең орындауына тура келеді. Жаңа заң бұл тұрғыда әділеттілікті қалпына келтіруге тиіс. Ұсақ банктер көтере алмайтын шоқпарды беліне байлауға мәжбүрленбейді.
Бәсеке, байлық
кімде бар?
Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің мәліметінше, елдің банк секторында 21 екінші деңгейдегі банк бар, оның 13-і шетелдік капиталдың қатысуымен құрылған, соның ішінде 9-ы – жатжұрттық банктердің еліміздегі еншілес банкі.
Банкирлер тоқтаусыз баю үстінде: биылғы наурызда ғана банктердің байлығы ел тарихында ешқашан болмаған 61 триллион теңгеге жетіп еді. Бұл рекорд ұзақ тұра қоймады, лезде бұзылды. 2025 жылғы 1 мамырда банк секторының активтері 62,6 триллион теңгені құрады.
Салыстырсақ, бүкіл Қазақстанның қазіргі күн көріп отырған, 2025 жылға арналған республикалық бюджеті – 25,8 трлн теңге. Яғни, банкирлердің ауқаты мемлекет қазынасынан 2,5 еседей көп! Банкирлердің қазынасы алапат қарқынмен, жыл сайын 9-10 триллион теңгеге ұлғайып тұрады. Ал республикалық бюджет (оған мемлекеттік және жергілікті бюджеттер тегіс кіреді) жыл сайын тек 3-4 триллионға көбейеді.
Ranking мониторлық агенттігінің хабарлауынша, осы ұлан-ғайыр байлықтың басым көпшілігін 5 алпауыт банк қана иеленіп алған: «Атап айтқанда, 2025 жылдың қаңтар-ақпанында активтерін арттыру жөнінен Halyk Bank абсолютті лидер болып қалды. Ол небәрі екі айда активін бірден 3,1 триллион теңгеге өсіріп, жалпы алғанда 18,2 триллион теңгеге жеткізді. Көшбасшылардың үштігіне сондай-ақ Kaspi Bank (плюс 1,2 трлн, жалпы 7,8 триллион теңге) және «ЦентрКредит банкі» (үш айда 1,6 трлн, жалпы активі 6,9 триллион) кіре алды. Шыңдағы бестікте ForteBank (459,2 млрд, жалпы 4 триллион) және Bank RBK (469,4 млрд, жалпы
2,4 триллион) бар», – деп хабарлады мониторинг агенттігі.
Ал қаржылық реттеуші ауқат мұхитында шалқыған банктердің экономиканы кредитпен молықтыруға асықпай отырғанына екпін түсірді. Биылғы қаңтар-сәуір аралығында екінші деңгейдегі банктер экономикаға берген кредиттерін небәрі 3,8%-ға арттырған. Оның өзінде басым бөлігін халыққа бағасы удай тұтынушылық несие ретінде таратыпты.
Халықтың қандай қарыз құрдымына құлағанын ұғыну үшін келесі қорқынышты көрсеткіштерге үңілген жөн. Қаржы нарығын реттеу агенттігінің ақпаратынша, бұрынғы жылдардан бүгінге дейін банктер халық пен бизнеске жалпы сомасы 35 трлн теңге қарыз беріпті. Оның ішінде ұлттық валютада берілген кредиттер 2,1%-ға ұлғайып, 32,3 триллион теңгеге жетті. Шетел валютасындағы кредиттер 0,5%-ға артып, 2,7 триллион теңге болды.
Аталған 35 триллионның 13,3 трлн теңгесі ғана бизнеске берілген. Яғни, айналым қаражатын толықтыруға, жаңа кәсіп ашуға, өндірістерді дамытуға, зауыт-кәсіпорын салуға және басқа қымбат жобаларға там-тұмдап берген. 5 трлн теңгесі – ірі бизнеске, 5,8 трлн теңгесі – шағын және орта бизнеске, 2,5 трлн теңгесі – жеке кәсіпкерлерге тиесілі.
Есесіне, 22 триллион теңгеге жуық қарызды халыққа несиеге үлестірген. Басқаша айтқанда, банкирлер иелігіндегі 63 триллиондай байлық ел игілігін еселеуге, экономиканы өрлетуге, бизнесті жаһандық дәрежеде бәсекелі етуге сүбелі үлес қосып жатқан жоқ. Банктерді қызықтыратыны – қарапайым қазақстандықтарға қарыз таратып, қайтармаса үйін, көлігін, басқа мүлкін тартып алу, зейнетақы, жәрдемақы, жалақы және басқа табысын жолай бұғаттап, жартысынан көбін алып қою.
Сөйтіп, банктер қазақстандықтардың басым көпшілігін өмір бойы өзіне қызмет ететін табыс көзіне, «сауын сиырға» айналдырады. Сарапшылар бүгінде әрбір үш қазақстандықтың екеуі қаржы ұйымдарына қарыз екенін айтады. Кәсіпкер де қысым, тоқпақ астында: қаржылық реттеуші банктердің бизнеске берген кредиттері сыйақысының орташа ставкасы 31,1% екенін жеткізді. Мұндай өте қымбат кредитті алып, зілбатпан қамыт киген кәсіпкердің өркендемек түгіл, адымының ашылуы күрделі.
Агенттіктің мәліметінше, 2025 жылғы сәуірде банктердің тұтынушылық қарыздар бойынша ставкасы 20,4%-дан 21,2%-ға дейін көтерілді. Соған қарамастан жыл басынан бері елде қымбат тұтынушылық қарыз алуға мәжбүр клиенттер саны тағы 5,0%-ға өсті. Берешек батпағына батқан бұқара өкілдерінің бір бөлігі қарызын өтеуді тоқтатты. Ресми статистика бойынша, 2025 жылғы 1 мамырда иелері 90 күннен астам мерзім бойы төлем енгізуді тоқтатқан несиелердің саны 1,3 триллион теңгеге жетті.
Сала жаңа банктерге
құшақ аша ма?
21 банк қарасы 20 миллионнан асқан тұтынушының тақиясына тар келері сөзсіз. Сондықтан Қаржы нарығын реттеу агенттігі ел тарихында болмаған реформаны бастады. Ол осы арқылы бір жағынан, лицензиялау жүйесін жаңғыртуды, екінші жағынан, жаңа банк ашқысы келетін инвесторлардың отандық банк нарығына қолжетімділігін арттырып, талаптарды жеңілдетуді көздейді.
Қаржы саласының маманы Гүлмира Нығметжанованың түсіндіруінше, Қазақстанда банк құру ісі күрделендірілген. Мысалы, Америкада, штаттардың бірінде банк ашу үшін 10-нан 30 миллион доллардай еркін капиталыңыздың бар екенін растасаңыз жетеді. Яғни, білікті персоналы, қажетті құжаттары, ғимараты сыртында, 5,2 миллиард теңгеден астам бос қаржысы бар инвестор қаласа, төл банкін құруға кірісе алады.
–Бізде шамамен 200 миллион доллардай ақшаңыз болмаса, банк ашу туралы армандай алмайсыз. Бұл бизнеске кіруге осындай «биік табалдырық» арқылы асу бермес асқар тосқауыл қойылған. Басқаны айтпағанда, көрші Ресейде банк ашу үшін долларлық миллиардер болуыңыз қажет емес. Қаржыгерлер қауымдастығы бұрыннан реттеушінің назарын аударып келеді. Халықаралық тәжірибедегі озық үлгілерге негізделген ұсыныстар енгізілді. Нәтижесінде, Қазақстан енді Ресейдің үлгісін таңдағаны анықталып отыр, – деді қаржыгер.
Оның айтуынша, РФ-та қазір банктер жарғылық капиталының мөлшеріне қарай екіге бөлінеді. Соның ішінде базалық лицензиямен істейтін банктен 300 миллион рубльден (шамамен 1,8 млрд теңгеден)
1 миллиард рубльге дейінгі төл капиталы болуы талап етіледі. Универсалды-әмбебап лицензия алғысы, яғни жеке тұлғалардың да салымдарын тартқысы келсе, онда ең кемі 1 миллиардтан 3 млрд 600 млн рубльге дейін жарғылық капиталын қалыптастыруы қажет.
Басқаша айтқанда, солтүстік көршіде банк ашу үшін долларлық емес, рубльдік миллиардер болса да жеткілікті. РФ Орталық банкінің дерегінше, 2025 жылғы
1 мамырда Ресейде 309 банк жұмыс істейді, оның 215-і – универсалды лицензияға, 94-і – базалық лицензияға ие. Яғни, көршіде әрбір 500 мың адамға 1 банктен келеді. Қазақстанда әрбір 1 миллион тұрғынға шаққанда 1 банктен тиеді. Қырғыз Республикасында 23 коммерциялық банк бар. Олай болса, Алатаудың арғы баурайындағы туысқан елде әрбір 300 мың тұрғынға бір банк қызмет етеді.
Сарапшы егер Парламент құптап, заңын қабылдап жатса, қазақстандық қаржылық реттеушінің бастамасы Қазақстанда жаңа банктердің пайда болуына жол ашатынын болжады. Мысалы, ондай жағдайда микроқаржы ұйымдарының бір бөлігі банкке айналуы мүмкін. Қаржыгерлердің пайымдауынша, Қаржы нарығын реттеу агенттігінің «баламасыз» төрайымы Мәдина Әбілқасымованың ұжымы жариялап жүргендей, бұл қадам салада бәрібір бәсекелестікті арттыра алмайды.
Себебі алпауыт банктер енді «әмбебап-универсалды» банктерге айналады. Ал жаңа банктер «пирамида» түбіндегі базалық деңгейде қалады. Ендеше алпауыттарға бәрібір тең бола алмайды. Әйткенмен, жаңа реформа, яғни жаңа банктердің нарыққа кіру шарттарын жеңілдету салаға игі әсер етсе керек. Айталық, қаржы таппай, «аңқасы» кепкен экономикаға кредит беруге оң әсер ете алады.
Әмбебапқа ерем деп…
– Базалық лицензия әмбебаптан біршама ерекшеленеді: оған ие банктерге белгілі бір операцияларды жүзеге асыруына шектеу қойылады. Базалық лицензияны ғана алған банктердің қызметіне мынадай шектеу енгізілетін болады: біріншіден, активінің ең жоғарғы шегі 500 миллиард теңгеден асып кетпеуге тиіс. Осы шекті деңгейге жеткенде банк белгілі бір уақыт аралығында әмбебап лицензияны алуға міндетті болады, – деді қаржылық реттеушінің сарапшылары.
Екіншіден, активтермен байланысты операциялар жүргізгенде, шетелдіктерге, бейрезиденттерге кредиттік өнімдерін, соның ішінде заем-қарыздарды, кепілдіктер мен кепілгерліктерді (гарантии и поручительства), лизингті және кредиттеуге байланысты басқа да операцияларды ұсына алмайды.
Үшіншіден, «банкпен ерекше қатынастары арқылы байланысты тұлғаларға» қарыз беруіне тыйым салынады. Банкпен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлғаларға: банктің лауазымды адамдары, басшы қызметкерлері, директорлар кеңесі комитеттерінің және тиісті органының басшылары, сондай-ақ олардың жұбайлары мен жақын туыстары; осы банктің iрi қатысушысы болып табылатын жеке немесе заңды тұлға мен олардың жұбайы, 10 және одан көп пайызына ие акционерлер, банктің үлестес тұлғалары және басқасы жатады.
Төртіншіден, базалық лиценцияны ғана қоржынына салған банктердің халықтан қаржы тарту тұрғысынан да құлашы, «тәбеті» шектеледі. Яғни, жеке тұлғалардың мерзімді және жинақ депозиттерінің жиынтық мөлшеріне қатысты шектеу болады. Бесіншіден, бұлардың күрделі және тәуекелді қаржы құралдарын қолдануына, брокерлік және дилерлік қызметті жүргізуіне тыйым салынады.
Қаржылық реттеушінің сендіруінше, Қазақстанда «базалық» лицензияны енгізу арқылы нарық ойыншылары үшін реттеу мен қадағалау режимі жеңілдетілетініне қарамастан, ұсынылып отырған тәсіл саладағы қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ету және тұтынушылардың құқықтарын қорғау үшін жеткілікті. Ведомство осы арқылы мысалы, облыстық-аймақтық банктердің құрылуына қол жеткізбек.
–Қазір банктер негізінен, Астана мен Алматыда, облыс орталықтарында шоғырланған, өңірдегі филиалдарын оңтайландырды. Сондай-ақ өңірлік шағын банктерді құруға деген қызығушылық жоқтың қасы. Мұның бәрі сектордағы бәсекелестікті әлсіретіп, қаржылық қызметтердің қолжетімділігін шектеді. Бұл өз кезегінде, елдегі бүкіл экономикалық белсенділікті бәсеңдетті. Әсіресе, шағын, орта бизнесті дамуы үшін қажетті ресурстардан айырды, – деді агенттік мамандары.
Қолданыстағы заңнама банктердің бәріне бірдей талап қояды. Бұл реттеушілік талаптар олардың бизнес-моделін, қызмет ауқымын, операциялардың күрделілігін және соған байланысты тә-
уекелдерді есепке алмайды. Сондықтан Парламенттің күзде басталатын жаңа сессиясында қабылданады деп күтілген «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» жаңа заң жобасы тепе-теңдік қағидатын (принцип пропорциональности) енгізбек.

Елдос СЕНБАЙ