in

Ұлттық банк жаңа коллекциялық монеталар шығарды

Қазақстан Ұлттық банкі (бұдан әрі – ҚҰБ) «Есте қалатын оқиғалар мен біртуар адамдар» сериясынан E. BÓKETOV. 100 JYL коллекциялық монеталарын айналымға шығарады, – деп хабарлайды  Aikyn.kz.

Коллекциялық монеталар 2025 жылғы 22 қыркүйектен бастап ҚҰБ https://kazcoins.nationalbank.kz интернет дүкені арқылы сатыла бастаған.

E. BÓKETOV. 100 JYL коллекциялық монеталары туралы.

Монета белгілі қазақстандық ғалым, химик, Қазақ КСР Ғылым Академиясының академигі, қоғам қайраткері, жазушы және аудармашы – Ебіней Арыстанұлы Бөкетовке арналған. Монета дизайнында оның портреттік бейнесі көрініс тапқан.

Монеталар мельхиор (МН 25) қорытпасынан, салмағы 15 грамм, диаметрі 33 мм, дайындау сапасы brilliant uncirculated, номиналы 200 теңге, таралымы 5 000 (бес мың) данада жасалды.

Монеталардың барлық түрі Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында өздерінің белгіленген құнымен төлемдердің барлық түрі бойынша қабылдануға, сондай-ақ елдің барлық банктеріне аударуға, ұсақталуға және айырбасталуға міндетті.

Коллекциялық монеталар Қазақстан теңге сарайында дайындалған.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.