in

«Өмір маған көп нәрсе үйретті…»: әнші Төреғали Төреәлі жан сырын ақтарды

Танымал әнші Төреғали Төреәлі туған күнін дүркіретіп атап өтті, – деп жазды Aikyn.kz. 

Әнші Астанада әріптестері мен жақындарының басын қосып, кеш өткізді. Сонымен қатар туған күнінде өмір туралы өлең жолдарын жариялады.

«Бүгін мен үшін ерекше күн.

Менің өмірімнің 33-беті ашылды.

 

33 — жай ғана сан емес.

Бұл — өткенге шүкіршілік, келешекке жауапкершілік.

Бұл — сабыр мен сенімнің жасы.

Өмір маған көп нәрсе үйретті.

Жоғалтуды да, табуды да,

қателесуді де, қайта тұруды да.

Ал бәрінен бұрын — шүкір етуді.

 

Мен бүгін туған күнімді атап өтсем,

ертеңнен бастап ел арасына шығамын —

үлкен тур басталады.

Байқоңырдан бастап, Қызылордаға,

әр қалаға, әр жүрекке сапар шегемін.

 

Мен үшін әр концерт —

ән ғана емес, кездесу.

Халықпен, өзіммен, Алламен кездесу.

Алғыс айту — парыз.

Ата-анама — өмір мен тәрбие үшін.

Жарыма, Толқынға — әр күнімнің тыныштығы болғаны үшін.

Балаларыма — өмірімнің жалғасы, үмітім болғаны үшін.

Жақындарыма — сенім мен мейірім үшін.

Халқыма — мені Төреғали еткен жүрек үшін.

 

Бүгін мен 33-темін.

Бірақ менің жолым енді ғана басталды», – деді әнші.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.