Ақын Иранғайып Күзенбаев желідегі парақшасында Жүрсін Ерманға арнап өлең оқыған видеосын жариялады, – деп жазды Aikyn.kz.
Бейнежазбада көлік ішінде Жүрсін Ерманмен бірге отырғанын көруге болады.
“Өлген жоқ, 74-ке келді көкем
Қайтадан байлайсыз-ау белді бекем.
Мінезім де барады сізге тартып
Қайдан ғана қасыңа ердім екен?
Жақсымен, жаманмен де жарастырдың,
Тізгінімді тартпадың, таластырдың,
Тура жолға салатын адам құсап
Адасқанның үстіне адастырдың.
Ерегіссем деуші едің бірден: боссың!
Кіммен жаусың, білмедім кіммен доссың?
Мені қайдан саласың тура жолға
Өзің де тура жолмен жүрген жоқсың.
Сіз тірілткен бұл айтыс кімге керек?
Өліп қалса не ренжисің кімге не деп
Ақиқатты айт, айт деп отырушы ең
Қазірлер отыр ғой үндеме деп.
Сіз барда да көргенбіз тапшылықты
Сонда да сыйлап келдің жақсы үмітті.
“Баламсың” деп бауырыңа басып тұрып
Балдыздарға жасадың жақсылықты.
Сізге ерем деп айналдым сүзегенге,
Құйрық, жал да қалмады күзегенге.
Өмір бақи өтем бе мен осылай
Жоқ, әлде 74-те түзелем бе?”, – деді ол.
Желі қолданушылар видеоны қызу талқылап жатыр.
«Сөйлей алмай жатқанда пайдаланып айтып отырсың ғой», «Арыстан құдыққа құласа, құлағында құрбақа ойнайды», «Әрең жатыр ғой», «Қартайып арыстаннан әл кетті», «Бұны бетіне айтты демейді», деп жазды оқырмандар.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.