in

«Өкіріп жылап, өзімді тоқтата алмадым»: Баян Алагөзова басынан өткен қайғылы жағдай туралы айтты

Продюсер Баян Мақсатқызы отбасындағы қайғылы жағдай туралы айтты, – деп жазды Аikyn.kz.

Продюсер әкесі өмірден өткенде бұл жағдайды қабылдай алмағанын жеткізді. Жарты жылдан кейін ғана өзіне келіп, әкесін еске алған.

“Тайландқа демалуға кеттік. Бәрі жақсы болатын. Алайда сол жақта жүргенімізде қаралы хабар алдым. Әкем қайтыс болыпты. Бәрін тастап жаназаға кеттік. Жаназада да, әкемді жер қойнына тапсырған соң да, тіпті бірнеше күнге дейін көзімнен бір тамшы жас шықпады. Жаназа рәсімдері бітіп, ұшаққа отырып қайтар кезде… Иә, сол кезде отырған орнымда өкіріп жылап, өзімді тоқтата алмадым. Тұрсын да менің жағдайымды түсініп, бөлек отырды. Алматыға жеткенше тоқтаусыз жылап келдім. Әйтсе де, ұшақтан түскен соң, ештеңе болмағандай қалпыма келдім. Бұл жағдайды жарты жылға жуық уақыт мойындай алмадым, қабылдай алмадым. Барынша қыдырып, баратын жерден қалмай жүрдім. Ойымды басқа жаққа бұруға тырыстым. Сол кезде «Басында қайғы болғанда, неге бұлай жүр?» дегендер болды.  Бұл психологиялық қорғаныс болса керек. Жарты жылдан кейін ғана әкемнің суреттеріне қарай бастадым”, – дейді Баян Мақсатқызы. 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.