Актер Тәуекел Мүслім Америкада гендер-пати өткізіп, үшінші сәбиінің кім екенін анықтады, – деп жазды Aikyn.kz.
Отбасымен Лос-Анджелесте жүрген актер әлеуметтік желідегі парақшасында гендер-пати жасаған сәттің видеосын бөлісіп, тағы да ұлды болатынын айтты. Ол қыз баланың әкесі болуды армандайтынын жасырмады.
“Аллаға сансыз шүкірліктер болсын. Үш бар жерде күш бар, бізде үшінші батыр болады. Алақай! …Қыз болмағанша тоқтамаймыз (қалжың), сәл үзілістен кейін тағы ұмтылып көреміз”, – деп әзілдеді Тәуекел Мүслім.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Публикация от М а х о н я 🩷 (@mahonti__)
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.