in

«Қолды-аяққа тұрмай кетті»: қойшы бала продюсерсіз қалды

«Қойшы бала» атымен танылған жас әнші Айдос Кәден тағы продюсерсіз қалды, – деп жазды Aikyn.kz.  

Ол шығармашылық жолын енді өз бетінше жалғастырады.  Продюсері Қанағат Меченбай әлеуметтік желіде енді Айдоспен жұмыс істемейтінін айтты. 

«Құрметті қазақ елі! Айдосқа қатысты сұрақ көп келіп жатыр. Түсінбей жатқан шығарсыздар. Ол өз бетімен еңбек етпек. Қолды-аяққа тұрмай кетті. Тапсырыстарымызға үлгермей қалған кездер болды. Сондықтан өз жолымен кеткені дұрыс деп шештім. Менің де шығармашылық жоспарларым бар. Ең бастысы, аман жүрсін, адам болсын, адал болсын!» – деді ол.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»   TELEGRAM   арнасынан табасыз.