Наркенже Серікбаева филармония директорымен болған даулы оқиғадан кейін Шымкентте өткен концертте өнер көрсетті, – деп жазды Aikyn.kz.
Әнші осы оқиғадан кейін түрлі сыни пікірді оқып, уайымдағанын жасырмады. Алайда концертте көрерменнің ыстық ықыласын көріп, көңілі орнына түскен.
«Қанша көңілім босап, толқыған сәттер болды. «Сені енді халық тыңдамайды. Сен бізге керек емессің» деген деген хатты оқып, жүрегім ауырғаны рас. Бүгін мен үшін қуанышты күн болды. Керемет кеш, концерттен кейін «Мен жүрегімді бекер ауыртқан екенмін» деген ой келді. Халқымның ықыласын көріп, мен сіздерді одан сайын жақсы көріп кеттім. Мен елдің қошеметінен күш аламын. Алла мені сынайды. Жақсы көреді. Шымкентімнің ыстық ықыласына бөленген күн болды бүгін. Бұлтым сейіліп, күнім шықты. Шүкір», – дейді әнші.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Публикация от 𝓝𝓐𝓡𝓚𝓔𝓝𝓩𝓗𝓔 𝓢𝓔𝓡𝓘𝓚𝓑𝓐𝓨𝓔𝓥𝓐 (@narkenjeserikbaeva)
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.