in

Роза Рымбаева Ресейге не үшін бара жатқанын айтты

Халық әртісі, әнші Роза Рымбаева шығармашылық жоспары туралы айтты, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Әнші шетелде оркестрлер фестиваліне қатысатынын жеткізді.

«Қадірменді қауым, мен қазір халықаралық әуежайда тұрмын. Новосібір қаласына ұшамын. Одан ары қарай Тува Республикасына барамын. Қызыл деген қалада халықаралық оркестрлер фестивалі өтеді. Ресейдің оркестрімен ән шырқаймын. Әрине, Қазақстанның атынан», – деді Халық әртісі әлеуметтік желідегі парақшасында.

Тува Республикасы Үкіметі үрмелі оркестрінің ресми сайтында жарияланған ақпаратқа сәйкес., “Азия орталығындағы фанфар – 2025” V Халықаралық фестивалі Қызылда 24-26 маусым аралығында өтеді. 

Роза Рымбаева фестивальге құрметті қонақ ретінде шақырылып, оның негізгі концерттерінің біріне қатысады.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»   TELEGRAM   арнасынан табасыз.