in

Париж сахнасында – қазақ өнері

Дара тұлғаның ғасырлық мерейтойы – тек Қазақстан үшін емес, бүкіл әлем үшін де маңызды оқиға. Бұл дата ЮНЕСКО-ның халықаралық деңгейде аталып өтетін мерейтойлар тізіміне енген. Іс-шараға Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева, дипломатиялық корпус пен шығармашылық зиялы қауым өкілдері қатысты.

«Бүгін Париж төрінде, ЮНЕСКО-ның мәртебелі штаб-пәтерінде қазақ халқының ұлы композиторы Нұрғиса Тілендиевтің 100 жылдығы жоғары деңгейде тойлануда. Қазақ музыкасы мен өнерінің ЮНЕСКО аясында лайықты бағалануы – мемлекетіміз үшін үлкен мәртебе. Нұрғиса Тілендиевтің шығармалары – қазақ халқының рухани әлемін паш етумен қатар, жалпыадамзаттық құндылықтарды дәріптейтін биік өнер туындылары», – деді Аида Балаева құттықтау сөзінде.

Мерекелік шараның басты мақсаты – ұлттық мәдени мұраның байлығын, көпғасырлық дәстүрлер мен халқымыздың мәдениетін әлемге насихаттау.

Көктем ҚАРҚЫН