in

Оқушылар «Атамекен» әнін шырқады

Іс-шараға елордалық мектептердің 1 500-ден астам оқушысы қатысты. Флешмоб өскелең ұрпақтың бойында азаматтық бірегейлікті, тәуелсіз Қазақстанның Мемлекеттік рәміздері мен дәстүрін құрметтеуді қалыптастыруға бағытталған.

Орындау барысында қатысушылар Қазақстанның жас буынының бірлігі, достығы мен ашықтығының символы – ашық алақан бейнесін жасап, бес қатарға тұрды. Бұл алақан жылулық пен қолдаудың бейнесіне айналды, өйткені елдің күші жүректердің бірлігінде туады. 

Сонымен қатар Астананың барлық мектебінде осындай флешмоб өтті, оқушылар «Менің Қазақстаным» акциясын қолдап, патриоттық композицияны орындады.

Жалпы, айтулы күнге орай Астанада 150-ге жуық мәдени-бұқаралық, білім беру, спорттық және әлеуметтік іс-шаралар жоспарланған. Олардың арасында мерекелік концерт, көрме, дөңгелек үстел, ұлттық спорт түрлері бойынша турнир мен тағы басқасы бар.