in

Мұхтар Әуезов театры Түркістан, Шымкент, Тараз қаласына гастрольдік сапармен барады

Қазақ өнерінің қара шаңырағы Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театры ең таңдаулы қойылымдарын Түркістан, Шымкент, Тараз көрерменінің назарына ұсынбақ, –  деп хабарлайды Aikyn.kz. 

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2024 жылы «Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне» орай өткен салтанатты жиында Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театры ғимаратының толығымен қайта жөндеуден өтетіні туралы мәлімдеген болатын. Бұл жұмыс аталған өнер ордасының 100 жылдық мерейтой салтанатына орай, яғни 2026 жылы аяқталады. 

Театр ғимараты күрделі жөндеуге тапсырылғаннан кейін М. Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрының шығармашылық ұжымы республика аймақтары мен алыс-жақын шетелдерге гастрольдік сапарлармен барып, өзінің бірегей жұмыстары – спектакльдерімен қалың жұртшылықты қуантуда.

Ғасырлық белес алдында жасалған өнер сапарында алыс-жақын шет аймақтар мен ел қалаларында ұлт театрының ең таңдаулы қойылымдары сахналанып келеді. Нақты айтқанда, Өзбекстан, Қарақалпақстан, Қырғызстан мемлекеттері мен Ақтөбе, Қостанай, Қарағанды, Жезқазған сынды қалаларда гастрольдік сапармен болды. Театр ұжымының кезекті аялдамасы – Түркістан, Шымкент, Тараз шаһарлары болмақ. 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM арнасынан табасыз.