Актриса Ақерке Арыс жаңадан босанған әйелдің үйіне қонаққа баратындарды сынға алды, – деп жазды Aikyn.kz.
Өнер иесі Instagram парақшасында видео жариялап, көпшілікке өтініш айтты.
«Ол жаңадан босанып келіп отыр. Перзентханада демалатын жерде жатқан жоқ. Бұрынғы замандағыдай өзің бөлек, балаң бөлек жатқан жоқ. Өзің ішек-қарның ақтарылып, балаңды қарайсың. Енді ұйықтайын деп жатқан кезде дәрігердің тексерісі бар. Үш күн перзентханада жатып, келіп отырған әйелден «Анау не болады, қазір үйіңе барамын. Саған қарай келе жатырмыз» дейді. Ұйқысы қанбай, әрең жүрген әйелге «Өтініш, ананы былай қылшы» дейді. Жаңа босанған әйелдің өзінің миы ашып тұр ғой. Әйелдің мазасын алып, хабарласа бермеңдерші. Беретін заттарың болса, келмей-ақ беріп жіберуге болады. Тіпті, жаңа босанған әйелдің үйіне келетін еркектерге таңғаламын. Оның қолынан қалай тамақ ішесіңдер?» – дейді актриса.
Айта кетейік, актрисаның өзі де жақында сәбилі болды.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.