in

Жанкелді Өмірәлиев, киносыншы: Авторлық фильм көрермен талғамына сай емес

Өйткені кино көрерменге ұсынылмас бұрын Роттердам кинофестивалінде жоғары бағаланып, Бельгияда өткен халықаралық кинофестивальде бас жүлде иеленген-ді. Жоғалған баласын іздеген ананың жағдайы баяндалған фильмге киносыншылардың берер бағасы мен айтар пікірі қандай екенін білу үшін Жанкелді Өмірәлиевпен сұхбаттасқан едік. Ол режиссер жұмысына тоқталып, «Дала қасқырының» кино әлеміндегі лайықты орнын айтып берді.

 

– «Дала қасқыры» фильмін жан­рынан бастасақ. Кинема­тог­рафиядағы мұндай жанрдағы фильм­дер қазір көрерменнің тал­ға­мына сай ма? Олардың арасын­да қаншалықты өтімділікке ие?

– «Дала қасқыры» бұл – Әділ­хан Ержановтың авторлық фи­льмі. Арт-хаус. Бүгінде қара­пайым көрермен арасында мұн­дай фильмдерді көретіндердің қа­расы қалың деп айта алмай­мын. Бір жағынан оларды қы­зық­­тырмауы мүмкін, қазіргі кө­­­рермен талғамына да сай кел­­мейді-ау.  олар прокаттан көп табыс әкелмейтіні рас, со­лай болса да стримингтерге жақ­сы сатылады. Киносүйер қауым бұл режиссерді жақсы көреді.

– Кино қазақ тұрмысын, қа­зақ­тың басындағы күнін сипат­тай­ды деуге келе ме? Өйткені бас­ты кейіпкерлеріне таңдалған есім құлағымызға жат естілді. Жалпы, кейіпкер есімі көрерменді тартуға ықпал ете ала ма?

– Әрине, Әділхан Ержанов тү­сірген фильмнің барлығы дер­лік қазақ халқының басындағы өткендегі, бүгінгі күйін сипат­тай­ды, сол туралы кеңірек дерек бе­реді. Бұл аз десеңіз, режис­сер­дің картиналарынан әлемде бо­лып жатқан қазіргі актуалды мә­селелерді айқын табуға бо­ла­ды. Оның өзінің мифологиясы бар. Бүкіл фильмнің оқиғасы Қа­ратас деген жерде өрбиді, ол жерді Қазақстан деп айтуға да болады. 

Ал енді кейіпкерлерге қойыл­ған есімге келер болсақ, әрине ол көп нарсеге әсер етеді. Фильмде қазақ үшін таңсық естілген есім­ді кейіпкерлердің болуы Әділхан Ержановтың шығарма­шылы­ғындағы алғашқы дүние емес. Мұндай көрермен назарын ау­даратын дүние режиссер филь­мінде көп кездеседі. Бұл жерде айта кетерлігі, кейіпкер есімі қа­заққа жат болса да, жаны қа­зақ. «Дала қасқырын­дағы» бас­ты рөлді сомдаған кейіп­кер – Брайюк. Менің ойым­ша, бұл жерде «Брайюк» есі­мін қоюдың өзіндік сыры жа­тыр. Ол «бирюк» немесе «бөрік» деген сөзден шық­қан. Былайша айтқанда, «жал­ғыз қасқыр» деген мағы­на­ны білдіреді. 

– Ал музыканың рөлі қандай? Молданазар әні Әділхан Ержа­нов­тың фильміне ерекше эффект бергендей.

– Дұрыс айтасыз, екі тұ­л­ға­ның шығармашылықтарының арасында бір-бірін толықтырып оты­ратын үйлесім бар. Бұл жер­де музыканың әр фи­льм­ге жан бе­ретінін түсіну ке­рек. Ал Әділ­хан Ержанов – өзі­нің кинотуын­дыларында му­­зыканы көп қол­данбайтын ре­жиссер. Жарыққа шыққан соң­ғы жұмыстарынан байқа­ға­ным, Молданазармен бір­ге экс­перименттер жасап жүр. Бір жа­ғынан бұл шығар­ма­шылықта жүр­ген екі адамның ара­сындағы ын­тымақтастықтың берік еке­нін көрсетіп отыр. Ки­но бары­сын­да Молданазар­дың саун­ды қо­сылған кезде Әділхан Ержа­нов­тың қатыгез қара фильм­­де­ріне жан бітіп, гүлденіп, әсер­ле­ніп кететіндей. Өкінішке қарай, кино жұмысына музы­каны көп қоса бермейді.

– Қазір кино әлемінде қалып­тас­қан дәстүр бар деп жатамыз. Көрерменнің ықыласына ие болу үшін хэппи-эндпен аяқтау керек пе? Бұл дәстүрдің «Дала қасқы­рын­да» ерекшелік тұстары бай­қал­ды ма?

– Мұндай дәстүр, киноның хэп­пи-эндпен, фильмнің жа­ғым­ды оқиғамен аяқталуы деген сияқ­ты фильм соңын Голливуд­тан келген деуге болады. Ал ав­торлық фильмдердің біразында хэппи-энд кездеспейді. Осы сияқ­ты Ержановтың бірқатар фи­льмдерінде жағдай осындай. Яғни, кинотуындыларының кө­бі жақсы оқиғамен емес, кері­сін­ше кино соңында кейіп­кер­лердің жан тапсыруы, бір-бірінен айырылуы жиі бо­лып жатады. Бұл да бір режис­сер­дің фило­со­фиясы.

– 102 минуттық хронометраж­да режиссердің негізі мақсаты, айт­қысы келген ойы толық ашыл­ды ма? Көзге түскен негізгі (де­таль) кадрларынан атап көрсеңіз.

– Иә, бұл уақыт режиссердің не­гізгі ойын толық ашуға жетті деп айтуға болады. «Дала қас­қыры» – классикалық нео­вес­терн, кек алу оқиғасы. Көзге түс­кен кадрларды айтайын. 

Біріншіден, көптеген атақты вес­тернге референстер жасал­ған. Екіншіден, Брайюк пен То­ма (Тамара) арасындағы қа­рым-қатынас тым ерекше. Екі кейіпкер бір-бірін жақсы толық­тырады. Соңында екеуі бір адам­­ға айналады десе де болады. Тағы бір айта кетерлігі, фильм ара­сын­дағы юмор кино мазмұ­нын одан әрі аша түскендей.

– «Дала қасқыры» еліміз ки­но­театрларына шықпас бұрын, бірқатар фестивальде жүлде ал­ғаны белгілі. Тәжірибеңізге сүйе­не отырып мынаны ай­тыңыз­­шы: «Халықаралық ки­но­фес­тиваль» түсінігі өзгерістерге ұшырады ма? 

– Қазір жер-жаһанда не көп – фестиваль көп. Қанша фести­валь болса, әрқайсысының маңыз­дылығы да ерекше. Ара­сын­да түрлі санаттағы фестиваль де бар. Мәселен, А санаттағы фес­тивальдерге қатысып, жүл­дегер атанған киноларды шы­ны­мен де мықты, керемет туын­ды деуге болады. Әділхан Ер­жа­нов – бұрынғы тың шығар­ма­шылық жұмыстарымен бүкіл кинофестивальді аралап қойған ре­жиссер. Сондықтан әлемдік фес­тивальдерге қатысып, жүлде алу режиссер үшін жәй ғана «сән» десе де болады. Фестиваль­дер­дің режиссер үшін де, фильм үшін де маңызы жоғары екенін ай­тып өту керек. Себебі олар ки­­­ноның танымалдығын арт­ты­рып, прокатқа көмектеседі деп ойлаймын.

– Дәл қазір кинорежиссерлер, сценаристер кино жарыққа шық­пай тұрып киносыншы, кинотану мамандарымен қаншалықты кеңеседі? 

– Бүгінде көптеген кино шы­­ғармашылығындағы маман­дар кинотанушылармен етене жұ­мыс істейді. Арасындағы бай­ланыс бұрынғыдан әлдеқай­да жақсарған. Олардың жұмы­сын­дағы кем-кетіктерді, олқы­лық­тарды немесе жетпей тұрған нәр­селерді киносыншылар, ки­номатографистер сцена­рий­лерді түзету жұмыстарымен ай­налысады. Жасырын емес, осы жұмысы үшін табыс та тауып отыр. Ал кейбіреулері, тіпті сол ре­жиссерлердің фильмдеріне де тү­седі. Мысалы, Кәрім Қадыр­баев, Константин Козлов, Ғалия Байжанова секілді киносын­шылар осы Әділхан Ержановтың картиналарындағы эпизодтарда түскен.

– Шығармашылық топтың шетелдік фестивальдерде топ жар­ған кинотуындысын қалай бағалайсыз? 

– Мен «Дала қасқырына» 6,5 де­ген баға қояр едім. Өйткені бұл ­фильм Әділхан Ержановтың ең үздік деген авторлық қолтаң­басы бар «Қап-қара адам» не­месе «Голиаф» секілді туын­ды­ларының қатарына кірмейді. Бір­ақ нашар дайындалған еңбек те айта алмаймын. Маған ұнаға­ны фильмдегі кейіпкерлер ғана, ал оқиғасы жағынан бір жаңа лепті сезбедім. Артық кадры көп сияқты ондай жерлерін қыс­қар­тып алып тастауға да болар ма еді? Былай айтқанда, әрине кө­ру­ге тұрарлық фильм.

– Әңгімеңізге рақмет!

Сұхбаттасқан

Сымбат БАУЫРЖАНҚЫЗЫ