in

Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық филармониясы 90-маусымын аяқтады

Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық филармониясында академик Ахмет Жұбановтың туғанына 120 жыл толуына арналған «Во имя музыки» атты концерт өтті,  – деп хабарлайды Aikyn.kz Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кеште филармонияның солистері, халықаралық байқаулардың лауреаттары мен мемлекеттік наградалардың иегерлері өнер көрсетті. Концерт барысында Ахмет және Ғазиза Жұбановтардың шығармалары, ұлттық әндер мен күйлер, сондай-ақ әлемдік классиканың бірегей туындылары шырқалды.

Іс-шара аясында көрнекті композитордың өмір жолы, шығармашылығы мен рухани мұрасына арналған көрме ұйымдастырылды.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»   TELEGRAM арнасынан табасыз.