in

«Жалғыз ұлыңның өлімін көресің»: Дана Нұржігіт әлдекім қорқытып жатқанын айтып, көмек сұрады

Журналист Дана Нұржігіт жақында Динара Сәтжанға берген сұхбатынан кейін әлдекімдер қоқан-лоқы көрсетіп, пікір қалдырғанын айтты, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Айтуынша, жақында жарияланған сұхбаттың астына аты-жөні белгісіз адам «Жалғыз ұлыңның өлімін көресің» деп қорқытып, пікір жазған. Дана Нұржігіт бұл жағдай үшін қатты алаңдаулы екенін айтып, көмек сұрады.

«Қымбатты отандастар! Динара Сәтжанға берген сұхбаттан кейін жаңа ғана сол видеоның астына мынадай комментарий қалдырып кетіпті біреу. Менің ұлым мен маған қоқан-лоқы көрсетіпті. Мен жалғызбасты анамын. Балам кәмелет жасқа толмаған. Білесіздер. Бәрін көріп, біліп отырыңыздар! Кибер-сталкинг деген осы, міне!», – деп жазды Дана Нұржігіт.

          Посмотреть эту публикацию в Instagram                      

Публикация от Дана Нұржігіт (@dana_nurzhigit)

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»   TELEGRAM арнасынан табасыз.