in

Ел абыройын асқақтатқан ару

Осы айтулы жеңіске орай Қо­наев қаласының әкімі Асхат Бер­діханов өнер­пазды арнайы қа­был­дап, Алғысхат пен 1 миллион тең­генің сертификатын табыс­тады. 

– «Славян базары» – әлемдік деңгейдегі беделді өнер байқаула­рының бірі. Биыл 19 мемлекеттің таланттары бақ сынаған додада сіздің жеңіске жетуіңіз тек жеке жетістік емес, бұл – Қонаев қала­сының мәдени әлеуетінің, қазақ өнерінің биік деңгейін әлемге танытқан үлкен жеңіс. Барша қала тұрғындарының атынан сізге ал­ғысымды білдіремін. Алар асуы­ңыз биік, өнер жолыңыз әрдайым жарқын болсын! Сізге зор ден­сау­лық, сарқылмас шабыт және жаңа жеңістер тілеймін, – деді шаһар басшысы.

Салтанатты кездесуде әншіні қолдаған демеуші, Қонаев қала­лық Қоғамдық кеңесінің төрағасы Сергей Горяной да құттықтап, ізгі тілегін жеткізді.

Өз кезегінде Ақеркенің анасы Гүлнұр Зұлқаршынқызы қызы­ның жетістігіне қуанып, қолдау көр­сет­кен Қонаев жұрт­шылығына алғы­сын білдірді. Кездесу со­ңын­­да ол қала әкіміне өзінің төл туын­ды­сын тарту етіп, риза­шы­лығын жеткізді.

М.Төлеу