Белгілі тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы өміріндегі ең қиын сәттерін еске алды, – деп хабарлайды Аikyn.kz. Ол бұл туралы өзінің Instagram парақшасында жариялады.
– Қайрекең қайтқалы үш жылға таяды. Психологиялық сырқаттың талай түрін бастан кешірдім. Дәрі-дәрмектің де түр-түрін ішіп көрдім. Қандай психологиялық дерт болса да, бәрі басымнан өтті. Осындай сәтте жаныңдағы жақындарың мен достарыңның қолдауы өте маңызды. Уақыт емдемейді, тек жараның бетін сәл жазады…
Кейде айнадағы өз бейнеме көңілім толмайтын кез болады. Күлмеңіздер, әйел үшін ол да маңызды. Қаңтарда өз-өзімді қолға алдым. Өзгеріс көп. Мен мұны неге жазып отырмын? Әр адам түрлі кезеңдерді бастан кешіреді. Қателесу, әлсіз болу, сағыңның сынуы, бұл – қалыпты жағдай. Мойындап қабылдай біліңіз, ұят емес, ештеңе етпейді.
Инстаграмның ар жағындағы өмір мүлде басқа. Жылтыраққа ұмтылып, көп ресурсыңызды қажеті жоқ дүниеге жұмсамаңыз. Ортаңыз сенімді болсын, балаларға дұрыс тәрбие беріңіз, менталдық саулығыңызды бірінші орынға қойыңыз. Жазыңыз, сұраңыз, армандаңыз, ұмтылыңыз, тәуекел етіңіз! Бастысы ешкімге зияның тимесін!, – деп жазған ол.
Тележүргізушінің айтуынша, бүгінде ол денсаулығы үшін айына 5 күн телефонсыз, байланыссыз табиғатпен үндестікте өткізуді үйреніп жүр.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Публикация от Ләйлә Сұлтанқызы (@sultankyzy)