in

Димаш челлендж жариялады

Өнер иесі жанкүйерлерін ән үзіндісіне билеп, ерекше бейнеролик тү­сіруге, сондай-ақ дәл осы әнге қатысты кез келген креативті идеяны жүзеге асыруға ша­қырды. 

Байқау шарты бойынша, ең көп қаралым жинаған видеоның авторы жеңімпаз атанып қана қоймай, әншінің келесі бейнебаянына түсу мүмкіндігіне ие болады.Челлендж 1 тамызға дейін жалғасады. Талапкерлер челленджге жеке де, би ұжымымен де қатыса алады.