Әнші Қарақат Әбілдина өзге ұлтқа тұрмысқа шығатын қазақ қыздары туралы сөз қозғады, – деп жазды Аikyn.kz.
Өнер иесі кейінгі кезде өзге ұлтқа тұрмысқа шығып жатқан қыздардың көбейіп бара жатқанына алаңдаушылық білдірді.
“Біраз қазақ қызын ұзатып жүрміз ғой. Соңғы уақытта өзге ұлтқа тұрмысқа шығып жатқан қазақ қыздарын жиі байқап жүрмін. Бастапқыда менің жүрегіме жеңіл тиген жоқ. Ұлтым, тілім, салт-дәстүрім мен үшін өте қымбат. Қыз – ұлттың айнасы. Оны кімге ұзатсақ та, ұлттың намысы мен рухын бірге ұзатамыз. Бірақ уақыт өте келе ойлана бастадым. Махаббат ұлт таңдамайды. Әр адамның өз бақыты бар. Әр қыз өз жүрегінің қалауымен, өз тағдыр жолымен жүреді. Дегенмен, менің ойымда бір сұрақ тұрып қалды: “Бұл махаббат па? Әлде бақытын өз жерінен, өз елінен таппағаны ма?! Кейде қыздарымыздың қазақ жігіттеріне ренжуі, қорған таппауы оларды өзге жаққа бұрып жібереді ме деген ой келеді. Бұл біреуді кінәлау немесе тағдырын талқылау емес. Жай ғана мені ойландырған мәселе. Сіз не дейсіз? Қазақ қызының өзге ұлтқа тұрмысқа шығуына көзқарасыңыз қандай?” – деп жазды әнші.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.