Әнші Сәкен Майғазиевтің жұбайы әлеуметтік желіде әсерлі жазба жариялады, – деп жазды Aikyn.kz.
Ол тұңғышының үйлену тойы қазақтың тойына айналғанын атап өтті. Сонымен қатар ұйымдастырушыларға алғыс айтты.
«Әділет пен Әдияның бұл күні екі жүректің ғана емес, екі әулеттің тоғысқан күні болды. Тек біздің емес, бүкіл қазақтың тойына айналған, Қазақстанды шулатқан тойымызды дүркіретіп ұйымдастырушыға алғысымыз шексіз! Жүрекпен жасап, әр сәтін сезімге бөлеген еңбегіңе рақмет. Бұл күн мәңгі есте қалды», – деп жазды Динара Майғазиева.
Айта кетейік, Сәкен Майғазиевтің ұлының үйлену тойы Алматы қаласында өтті. Бұл тойдың ерекшелігі – қызығушылық танытқан көрермен әншінің қуанышын тікелей эфирден тамашалады.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.