in

“Біз 10 жыл бойы күттік”: танымал блогер Елдос «Колобок» әке атанады

Танымал блогер Елдос Қадырханов «колобок» әке атанатын болды, – деп хабарлайды Aikyn.kz. Ол бұл туралы Instagram парақшасында жариялады. Сөйтіп өзінің ұлды болатынын хабарлады. 

«Сүйінші, Қазақ елі! Аллаға шүкір, жеттік осы күнге. Балапан, біз сені күтеміз», – деп жазды блогер Елдос Қадырханов.

Блогер Елдос Қадырханның айтуынша, олар он жылдан бері сәби сүйе алмай жүрген. Тіпті, осыған дейін бедеулікке қарсы күрделі ота жасатқанын айтқан.

«Түркияда 20-30 минут қана жасалатын. Ал Астанада ота 3,5 сағат жасалды. Дәрігерлер үмітін үзіп жатқан екен. Хирургтың айтуынша ең маңызды тұсы бітеліп қалған екен. Ота жасаған дәрігер дәл сол тұсты кесетін әдісті қолданбайтынбыз, оны ұмытып кеткенбіз дейді. Сол әдіске қажетті бір құралын қасындағы көмекшілерінен сұраса, оны тіпті дайындамаған да екен. Соны әкелгеннен кейін жаңағы жабысып тұрған жерді кесіп жібергенде бір дауыс шығып, артынша бұлақ болып ақты дейді. Соны алып, эмбриологқа бергенде ішінде жыбырлап жүргендерін көрген. Ондай менде мүлдем болмаған», – дейді Елдос Қадырханов.

          Посмотреть эту публикацию в Instagram                      

Публикация от Yeldos Kadirkhanov (@eldos_kalabok)