Айтыскер ақын, психолог Айнұр Тұрсынбаева әлеуметтік желідегі парақшасында отбасындағы әр адамның рөлі туралы айтты, – деп жазды Aikyn.kz.
Ол күнделікті адамдармен жұмыс істей жүріп, адамның дамуына, қарым-қатынасының дұрыс қалыптасуына кедергі келтіретін 10 заңдылықты атады:
1. Шешесімен тіл табыса алмаған адам, кейін қызымен жиі қақтығысқа түседі.
2. Әкесін сыйламаған адамның өмірде аяққа тұрып кетуі қиын.
3. Көп өкпелейтін адамды үнемі ренжітетін жандар жолығады. Өкпелеу – энергияны тұншықтырады.
4. Отбасында сөйлесу азайса, соңы міндетті түрде ажырасуға апарады.
5. Әйелі сыйламайтын еркек өмірде табысқа жете алмайды.
6. Махаббатсыз өмір сүріп жатқан әйел ашуға булығып, бала-шағасына жиі қол жұмсайды.
7. Болашағынан қорқатын адам даму орнына кері кетеді.
8. Махаббатқа зәру әйел үнемі киімге, сыртқы жылтыраққа қызығады – ішкі бос орынды солай толтырғысы келеді.
9. Ақша үшін күйзеліп жүргендерге шын мәнінде ақша емес – махаббат керек.
10. Қиындықпен күрескісі келетін адам алдымен қуана білуді үйренуі керек.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.